
Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2015 жылдағы қаңтар-ақпан айларындағы есептеу бойынша 3,9 пайызға артып, 857,2 млрд теңгені құрады деп хабарлайды экономика министрлігі.
Кәсіпорындар арқылы іске асырылған бөлшек сауда көлемі өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2,2%-ға артты. Базар мен жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған сауда көлемі қорытынды есепте 6,1%-ға көбейді.
1 наурыздағы есептеу бойынша, сауда орындарының бөлшек саудадағы тауарлар қоры 292 млрд теңгені құрап отыр.
Бөлшек сауда құрылымында, негізінен, тағамдық емес өнімдердің үлесі басым (жалпы көлемге қатынасы 65,8%). 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда тағамдық емес тауарлардың бөлшек саудасы 6,2% көбейіп, азық-түлік өнімдерінің сатылымы 0,8%-ға азайды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025