Экономика
Выбор редактора
Қазақстандағы фастфуд тағамдарының сатылымы 150-200 млн долларды құрады
Қазақстан нарығындағы фастфуд тағамдарының бағасының нақты көлемін анықтау қиын. Себебі, көбі желілік емес мейрамханалар мен дәмхана, донер орталықтары деп хабарлайды total.kz.
«Қазіргі таңда Қазақстандағы фастфуд тағамдарының нарықтағы айналымы 150-200 млн долларды құрайды. Сондай-ақ алдағы уақытта нарықта жаңа ұсыныстармен оның көлемі өседі», - деп хабарлады Бургер кингтің Қазақстандағы атқарушы директоры Стивен Абигайл.
Ең ірі фастфуд орындары Burger King, KFC, Hardee`s-ке жыл сайын кемінде 50 мың қазақстандық келеді. Ал нарықты бақылаушылар донер мен дәмхана орталықтарына келетін клиенттер екі есе дейді.