Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы HP Enterprise компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстандағы HP Enterprise компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz - Hewlett Packard Enterprise компаниясының Қазақстандағы офисін енді Дана Алтыбаева басқарады. Ол Microsoft Circle of Excellence жүлдесінің жеңімпазы, деп хабарлады profit.kz сайты.

Бұдан бұрын Дана Алтыбаева «Microsoft Қазақстан» офисін басқарған және мемлекеттік сектордағы жұмыстарды реттеген. Ол бұл қызметке 2015 жылы Circle of Excellence сыйлығын жеңіп алғаннан кейін тағайындалған.

Circle of Excellencе жүлдесі Microsoft корпорациясы тарапынан жаһандық деңгейде үздік жетістіктерге жеткен қызметкерлерге беріледі.

Похожие материалы