Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы көліктер бағасы 10 пайызға қымбаттады

Қазақстандағы көліктер бағасы 10 пайызға қымбаттады

"Астана Моторс" компаниясының салондары авто сатылымын жалғастырды. Баға шамамен 10 пайызға көтерілген. Мысалы, Hyundai маркасының көліктері 250 мың теңгеге қымбаттаған деп хабарлайды Informburo.kz.

"Көліктер сатып жатырмыз. Бағаларды қайта қарап, 250 мың теңгеге көтердік", - деп хабарлайды Hyundai Auto Almaty авто орталығынан. Subaru Motor Almaty салонында да баға орташа есеппен 200-300 мыңға жоғарылаған. Ал Toyota Center Almaty орталықтарында машиналар доллар бағамына қатысты 190 теңге курсымен сатылып жатыр. Алайда жаңадан келетін үлгілердің қандай бағаммен сатылатындығы белгісіз. "Сату қайтадан жалғасып жатыр. Баға сол күйінде қалды. Біз бағаны әрқашан еуро болатын, курсты "Қазком" арқылы аламыз", - деп түсіндірді Бавария Алматы салонынан. Ал "Бипэк Авто" және SsangYong Allur Auto автосалондарында сатылым әлі де уақытша тоқтатылып тұр. Еске салайық, 20 тамызда Қазақстан автосалондары теңге курсы еркін айналымға өткеннен кейін бағаны қайта есептеу үшін сатылымды уақытша тоқтатқан еді. Алматының тұрмыстық техника дүкендері де уақытша жұмыстарын тоқтатты.

Похожие материалы