Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы көліктің орташа жасы - 13 жыл

Қазақстандағы көліктің орташа жасы - 13 жыл
Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстандағы автоның орташа жасы 1,5 жылға өсіп, 13,6 жылды құрады. Бұл туралы Қазақстандық автомобиль бизнесінің ассоциациясынан (ҚАБА) хабарлайды.  Соңғы 8 айда қазақстандық автонарық 2015 жылмен салыстырғанла 45,5%-ға құлдырады, алайда осы жылдың тамызынан бастап сатылымдар 30,2%-ға көтерілді. Ведомствоның хабарлауынша, нарық дағдарыс кезеңінен кейін қалпына келіп жатыр. Бюджетті жеңіл автолар нарығы 8,83%-ға төмендегенімен премиум-кластағы жеңіл машиналар 0,34%-ға көбейді. Жол талғамайтын көліктердің танымалдылығы 9,26%-ға, премиум-кластағы жол талғамайтын көліктер 2,91%-ға артқан. Соңғы модельдегі көліктердің жиі сатылуына нарықта  Jac және Lifan тәрізді маркалардың пайда болуы әсер етті.

"Орта және ортадан жоғары кластағы автомобильдердің жиі сұранысқа ие болуын мемлекеттік бағдарламаның іске қосылуымен байланыстырып отырмыз. Ол тек автонарықтағы белсенділікті арттырып қана қоймай, қарапайым халықтың ыңғайлы шарттармен қымбат көліктер иеленуіне мүмкіндік берді", - деп түсіндірді ҚАБА-дан.

Ал қайта ұсталған автомобильдер нарығында Toyota Camry ең танымал марка болды. Келесі кезекте Land Cruiser Prado, Toyota Land Cruiser, Toyota Corolla, Gaz 3302, Lada 2121 Niva и Lada 2170 Priora Sedan тұр.

Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда Lexus (131,68%), BMW (81,76%), Audi (26,79%), Jaguar (402,7%) тәрізді брендтерде өсім байқалады.

Похожие материалы