Познавательный
Қазақстандағы әлемдік автобрендтер арасында Hyundai сатылым бойынша көш басында
2015 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша ҚР-да "Астана Моторс" компаниясымен ұсынылатын Hyundai автокөліктері Қазақстанның автонарығында әлемдік брендтер арасында сатылымдар бойынша бірінші орынға шықты.
Корейлік марканың қазақстандық дилерлері ақпан айында жеңіл автокөліктердің 1441 бірлігін өткізген.
Сатылым қорытындысы бойынша жаңа Hyundai көліктерінің арасында ең үлкен сұранысқа ие болғаны Accent: 1103 бірлігі сатылған, содан соң Elantra моделі - 193 бірлік, үшінші орында Tucson моделі - 73 көлік.
1 сәуірден бастап "Астана моторс" ҚМК Қазақстанда жасалынған автоны сатып алушылар үшін 4% номиналды мөлшерлемелік жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына қатысады. Бүгінгі таңда "Астана Моторс" Қазақстанда өндірілетін Hyundai-дың үш моделін ұсынады: Elantra седаны, Tucson кроссоверы және i30 хэтчбегі. Ал осы жылдың жазында олардың қатарына Hyundai Santa Fe, Grandeur және Genesis қосылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024