Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы жолдардың үштен бірі ақылы болмақ

Қазақстандағы жолдардың үштен бірі ақылы болмақ

Шенеуніктер қазақстандық жолдар өз-өзін ақтауы қажет деп есептейді. Егер трассалар ақылы болса, белгілі бір аумақтың құрылысы үшін жіберілген қаржыны қайтарып алуға болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Алдағы уақытта Қазақстандағы жолдардың үштен бірі немесе 7 мың шақырым ақылы болуы мүмкін. Сарапшылардың атап өтуінше, бұл жерде тегін трассалар қарастырылмаған, барлығының да төлеуіне тура келеді.

Ақылы жол жүру кейбір көшелердегі жол қозғалысын жеңілдетіп, олардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді деп есептейді шенеуніктер. Ал мамандар мұндай жағдайда оларға альтернатива яғни қажетті жеріне бару үшін тегін трассалар да болуы керек деп есептейді. Бірақ заңда бұл қаралмаған. Барлығына төлеу қажет.

Алматы облыстық "Қазақавтожол" бөлім директорының орынбасары Қуаныш Ескендіровтың хабарлауынша, ақылы трассалар арқылы жолдың құрлысына кететін шығынды жабуға болады. "Осы арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін шығынды азайтамыз, жолдар өз-өзін ақтайды. Тарифтер әлі нақтыланған жоқ. Біздің ойымызша, Астана-Бурабай трассасы тәрізді жеңіл көліктің бір шақырымдық жолы үшін 1 теңге төленуі қажет", - деді ол.

 

Похожие материалы