
Астана. 5 қазан. 7kun.kz - Еліміздегі автопарктер санының артуына қарамастан, жол апаттарының негізгі көрсеткіштері тұрақты түрде төмендеп келеді, ол бейнетіркеуіштің арқасында да мүмкін болып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысы кезінде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.
Министр соңғы үш жыл ішінде елімізде автопарктер санының артуына қарамастан, жол апаттарының негізгі көрсеткіштері тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын жеткізді. Бұл үрдіс биыл да байқалып отыр: ЖКО саны 2,5%-ға дерлік азайды, жол апатынан қаза болу - 4%, азаматтардың жарақаттануы 2% төмендеген.
«Аймақтарда көлік тәртібін нығайту мақсатында жолдардағы тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде фото және бейнетіркеу жүйелерін кеңінен пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлерін бейнетрікеуіштермен қамтамасыз ету керек. Бүгінгі таңда фото- және бейнетіркеуіш жүйелерімен 900-ге жуық жол учаскесі жабдықталған. Мұндай автоматты жүйелер ең көп орнатылған қалалар - Астана және Алматы, қалған аймақтарда 10-нан 40-қа дейін осындай жүйе орнатылған», – деп нақтылады Қ. Қасымов.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025