Қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясы 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда сыйақы алымын 22,6%-ға, яғни 33,4 млрд теңгеге (доллар бағамы - 184,75/$1) жоғарылатты деп хабарлайды сақтандырушы баспасөз қызметі.
Ерікті жеке сақтандырудан 2014 жылдың желтоқсанында компания 4,6 млрд теңге жинаған, бұл одан бұрынғы жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда 65,1% жоғары.
Ерікті мүліктік сақтандырудан 2014 жылы компания жыл бойына 26,6 млрд теңге жинаған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 17,9% жоғары,ал міндетті сақтандырудан «Еуразия» СК 2,1 млрд теңге (15,5% өсім) жинады.
2014 жыл бойына компания өз клиенттеріне 9,3 млрд теңге төлеген,бұл сома 2013 жылмен салыстырғанда 23% төмен. 1995 жылы құрылған «Еуразия» СК Қазақстан нарығындағы көшбасшы компаниялардың бірі. Бүгінгі күні компания 75 елде жұмыс істеп және әлемнің 150 ірі қайта сақтандырушы компанияларының тізіміне кіреді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024