Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық «Еуразия» 2014 жылы сыйақы алымын 22,6%-ға өсірді

Қазақстандық «Еуразия» 2014 жылы сыйақы алымын 22,6%-ға өсірді

Қазақстандық «Еуразия»  сақтандыру компаниясы 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда сыйақы алымын 22,6%-ға, яғни 33,4 млрд теңгеге (доллар бағамы - 184,75/$1) жоғарылатты деп хабарлайды  сақтандырушы баспасөз қызметі.

Ерікті жеке сақтандырудан 2014 жылдың желтоқсанында компания 4,6 млрд теңге жинаған, бұл одан бұрынғы жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда 65,1% жоғары.

Ерікті мүліктік сақтандырудан 2014 жылы компания жыл бойына 26,6 млрд теңге  жинаған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 17,9% жоғары,ал міндетті сақтандырудан «Еуразия» СК 2,1 млрд теңге (15,5% өсім) жинады.

2014 жыл бойына компания өз клиенттеріне 9,3 млрд теңге төлеген,бұл сома 2013 жылмен салыстырғанда 23% төмен. 1995 жылы құрылған «Еуразия» СК Қазақстан нарығындағы көшбасшы компаниялардың бірі. Бүгінгі күні компания 75 елде жұмыс істеп және әлемнің 150 ірі қайта сақтандырушы компанияларының тізіміне кіреді.

Похожие материалы