Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық мессенджер жасалуда

Қазақстандық мессенджер жасалуда

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz - «RS Solutions» компаниясы қазақстандық мессенджерді  жасау үстінде. Бұл туралы Mail.KZ порталы жариялады.

Әзірше мессенджердің қызметі құпия ұсталуда. Жасаушылардың айтуынша  мессенджердің баламасы жоқ. Оның бір ерекшелігі – қолданушылар серверден тыс, смартфондар арасындағы тікелей байланысы арқылы хат-хабар алмаса алады. Сондай-ақ жіберген хабарламаларын басқару функциясы да жұмыс істейді. «Біз месседжерді қалай атайтынымызды әлі шешкен жоқпыз. Мүмкін мұны қолданушыларымызға беріп, дауыс беру арқылы таңдаймыз», - дейді «RS Solutions» ЖШС Сергей Алабугин. Оның айтуынша мессенджер 2017 жылдың соңында іске қосылады. Алайда Mail.KZ қолданушылары қазан айында сынақтан өткізе алады. Мессендждер қазақ, орыс, ағылшын тілінде жұмыс істейді. Қосымшаны  iOS, Android және Windows Mobile тұтынушылары қолдана алады және кейінірек web-нұсқасы да іске қосылады. Айта кетейік аталған компания электрондық сервис  ұсынатын  Mail.KZ ұлттық порталы қызметіне жауапты.            

Похожие материалы