Қазақстандық сусындар мен азық-түлік тауарларының экспорты
25 мамыр, 2017
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан 503 мың тонна ұнды 102,7 млн долларға экспортаған. Оның ішінде елімізден ең көп ұн сатып алған мемлекеттер: Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан. Ал қант және кондитерлік өнімдердің экспорты 13,1 мың тоннаға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанды 2 есеге көп. Қазақстандық тәттілер ең көп жеткізілген мемлекет - Ресей. Солтүстік көрші бізден 6,3 млн долларға тәтті сатып алған. Сонымен бірге, ұннан жасалған өнімдер 8 мың тонна, аклогольді және алкогольді емес сусындар - 19,9 мың тонна, бидай - 882,8 мың тонна көлемде экспортталған.