Рубль девальвациясы қазақстандықтарға Ресейден 151 мыңнан аса автокөлік сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады.
"Мысал үшін автокөліктер жөніндегі белгілі фактті айта кетейін: былтырғы жылы шамамен 80 мың авто әкелінген, оның ішінде ескі көліктердің саны 6 мыңдай, ал 2015 жылдың 5 айының ішінде 151 мың автокөлік әкелінген, олардың 85 мыңы қолданыста болған көліктер. Халқымыздың ақшасы не нәрсеге салынғанын өздеріңіз топшылай беріңіз", - деп мәлімдеді А.Мырзахметов. Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында А.Мырзахметов палатада штатты оңтайландыру жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024