Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтарға сырттан көлік әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандықтарға сырттан көлік әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан үкіметі  ресми диллерлерден бөлек барлық азаматтарға көлік әкелуге тыйым салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы инвестиция және даму министрлігіндегі өндіріс комитетінің машинақұрылысы басқармасының басшысы Серік Рахимовқа сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz хабарлайды.

Рахимовтың сөзінше, министрлікте автокөліктердің ресми диллерлерін заңдастыратын құжат бойынша жұмыс жүріп жатыр. Лицензия тек ресми диллерлерге ғана беріледі.  "Қазір Қазақстанға нормаға сәйкес келмейтін, ұсталған көліктер жаппай кіргізіліп жатыр. Ал бізде автомобильдің қауіпсіздігі, арнайы жүйелерінің болуы жөніндегі Еуро-4 талаптары бар. Ресми диллерлердің көлік әкеліп жатқанына өзіміз қарсы болып жатырмыз", - дейді ол.

Осыған дейін сырттан жаппай көлік әкелмеу туралы тыйым салулар кәсіпкерлерге ғана айтылса, енді өз қажеттіліктері үшін  көлік әкелетін қарапайым азаматтарға да қатысты болады. "Енді жеке тұлғалар да жасай алмайды. Себебі біз дәл ұсталған көліктерді жаппай кіргізуге шектеу салғымыз келеді. Бұл сұрақ қазір талқыланып жатыр", - деді Рахимов.

 

Похожие материалы