Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында Қазақстанда сатылатын гүлдердің 30 пайызы ғана жергілікті нарықтан, ал 70 пайызы шетелден әкелінеді деп жазады ҚазАқпарат. Негізгі импортерлер — Эквадор, Нидерланды, Колумбия, Бельгия, Ресей, Қытай және Өзбекстан.
Осыған дейін Эквадор, Нидерландының үлесі басым болса, қазір Түркия, Италия, Ресей, Қытай, Израиль және Ресей, Қытай нарығы танымалдылыққа ие.
Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2016 жылы импорт үлесінде Нидерланды мен Колумбиядан келетін гүлдердің үлесі басым болды. Эквадордан келетін гүлдердің жалпы саудасында төмендеу байқалады. 2015 жылы елімізге 924 мың долларға 132 тонна гүл әкелінсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 36 тоннаға яғни бағасы 348,9 мың долларға дейін азайған. Ақшалай бірлікте жеткізілім 3 есе қысқарды.
Нидерландыдан көбінесе хризантема әкелінеді. 2015 жылы ғана елімізге 3,4 млн долларға 549,4 тонна хризантема әкелінсе, 863,9 мың долларға 57,6 тонна раушан жеткізілген. 2016 жылы 3,8 млн долларға 652 тонна голландиялық хризантема, 237,6 мың тоннаға 42,8 тонна раушан импортталды. Голландиялық тауар көлемінің азаюына Түркияның бәсекелестігі себеп болып отыр.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Түркиядан 50,2 тонна (жалпы сомасы 193,7 мың доллар), Өзбекстаннан 57 тонна (145,6 мың доллар) гүл келген. Салыстыру үшін 2015 жылы көрші елден 123,7 тонна (жалпы сомасы 603,4 мың доллар), ал Түркиядан 100 келі (10 мың доллар) гүл жеткізілген еді.
Хризантема импортына қатысты да жағдай осындай. 2016 жылы бұл бағытта Италия алдыңғы орында болды. Өткен жылы 469,8 мың долларға 164,8 тонна гүл жеткізілген. Салыстыру үшін 2015 жылы Италиядан бар болғаны 9,1 мың тоннаға 4,2 тонна тауар келген еді.
Айта кету керек, Голландия тек Қазақстанның ғана емес Ресейдің де гүл нарығының үштен бірін иеленеді. 2015 жылы елімізге 4,8 млн долларға 684,3 тонна, ал 2016 жылы 4,6 млн долларға 764,7 тонна гүл жеткізілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024