Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың І жартыжылдығында банктер кредиттік карталарды белсенді шығара бастады. Нәтижесінде осы өнім бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар көлемі де өсті. Бұл туралы бірінші кредиттік бюро (БКБ) хабарлады.
БКБ мәліметінше, 2017 жылдың қаңтар-маусымында көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Банк белгілеген кредиттік лимит сомасы 38 млрд теңгені көрсетті. Ал 2016 жылдың аталған мерзімінде бқл көрсеткіш 39 млрд теңге болған. Жалпы Қазақстандағы кредиттік карталар портфелі 45,2 млрд теңгені құрайды. Ал жұмыс істеп тұрған карталар 410 мың данадан астам.
Несиелік қарыздың өзін-өзі ақтау сомасы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4,81 трлн теңгеге жетті. Ал мерзімі өтіп кеткен кредиттер үлесі 17,3 пайыз. Бұл мамырдағы көрсеткіштен қарағанда 0,2 пайызға көп.
"Біз банктердің бұл саладағы маркетингтік белсенділігінің төмендігіне қарамастан, нарықта өсім тұрақты болады деп болжап отырмыз. Оған себеп тұтынушылар тарапынан сұраныстың артуы", - деді сарапшылар.
Сонымен қатар, БКБ нарықта несиелендіруде де өсім байқалғанын атап өтті.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024