Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың теңгеге сенімі арта түсті

Қазақстандықтардың теңгеге сенімі арта түсті

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Ұлттық валютаға деген сенім қайта жоғарылады, қазан айында қазақстандықтардың банктегі теңгедегі жинақтары күрт өсе түсті. Жеке тұлғалардың теңге түрінде салынған депозиттері 9%-ға өсіп, 2 трлн теңгеден асты деп жазады Ranking.kz.

Ал шетелдік валютадағы депозиттердің көлемі қазан айында 2%-ға төмендеді, мұндай көрсеткіш үшінші ай қатарынан жалғасып келеді. Нарықтағы белсенділіктің артуына байланысты банктер экономиканы кредиттендіруді де көбейте түседі. Соңғы жыл ішінде Алматы, Астана және Қарағанды облысының тұрғындары теңгелік депозиттерін көбейтіп отырған. Алматы бойынша ұлттық валютадағы шұғыл салымдар 336 млрд теңгеге немесе 2,4 есе өсті. Астанада жеке тұлғалардың салымдары бір жыл ішінде 149 млрд теңгеге немесе 2,2 есе артты. Қазан айында қала тұрғындары ұлттық валютадағы жинақтарын 18 млрд теңгеге көбейткен. Қарағанды облысында соңғы жылда теңгелік депозиттер көлемі 84 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе көп. Соңғы айда ұлттық валютадағы жинақ 10 млрд теңгеге артқан. Еліміздегі жеке тұлғалардың шұғыл депозиттері бойынша теңгелік өтімділіктің 40% осы аталған үш аймақта шоғырланған.

Похожие материалы