Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 14,8 пайызға артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 14,8 пайызға артты

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда айналымы 2018 жылдың қаңтарында ақшалай эквивалентпен алғанда 1393,9 млн долларды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8 пайызға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 424,9 млн доллар болды (2017 жылдың қаңтарынан 9 пайызға көп), импорт 969 млн доллар (+17,5 пайыз). Бұл ретте Қазақстанның ЕАЭО елдерімен жалпы сауда айналымында Ресейдің үлесі 92,5 пайыз, Қырғызстандікі - 3,9 пайыз, Беларусьтікі - 3,5 пайыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы