Қазақстандық сақтандырушылар қызмет аясын кеңейту, бизнес процестерді жетілдіру саласында өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс. Бұл туралы "Көммеск-Өмір" сақтандыру компаниясының сақтандырушылардың кәсіби мерекесіне байланысты өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.
"Көммеск-өмір СК" АҚ-ның басқарма төрағасы Олег Ханиннің сөзінше, Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары осы жылы 200,4 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйақысын жинаған. Сондай-ақ, "Қазақстанның сақтандыру нарығын дамытудың жол картасы" жобасы ұйымдастырылды. "Аталған жоба ҚР Ұлттық банкі, Қазақстанның сақтандырушылар және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының қатысуымен әзірленген. Бұл құжат сақтандыру саласын дамыту, тиімді инфрақұрылым қалыптастыру, салауатты бәсекелестікті дамыту шараларын белгілеп береді. Атап айтқанда, жобада электронды полис енгізу мүмкіндіктері қарастырылған", - деді басқарма төрағасы. Мәслихат кезінде ерікті медициналық сақтандырудан (ЕМС) міндетті медициналық сақтандыруға (ММС) ауысу тиімді екені сөз болды. Компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Акентьевтың сөзінше, ММС-ның басты қағидасы мемлекетте, жұмыс беруші мен жұмысшыларда азаматтардың денсаулығы үшін бірдей жауап береді. Жұмыс берушілер ММС-ның қорына жалақының белгілі бір бөлігін аударып отырады. "Сондай-ақ, бекітілген келісімдер бойынша сақтандыру нарығын либералдандыру және шетелдік компанияларды сақтандыру нарығына енгізу бес жылдан кейін басталмақ. Сондықтан қазақстандық сақтандыру компанияларының бұған дайындалуға мүмкіндігі бар. Берілген бес жыл ішінде қазақстандық сақтандырушылар атқарылған істер бойынша бәсекеге қабілетті болу керек " - деді В. Акентьев "Көммеск-Өмір СК" АҚ - Қазақстанда 24 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тұңғыш сақтандыру компаниясы. Ол жалпы сақтандыру, қайта сақтандыру саласында қызмет көрсету жөніндегі лицензияны да алғашқылардың бірі болып алды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024