"Қазатомпром" ұлттық компаниясының уақытша басшысы белгілі болды деп хабарлайды 31 арна. Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Айдар Әріпханов тағайындалды. Ол бұған дейін аталған компания басшысының экономика және қаржы бойынша орынбасары қызметін атқарып келген-ді.
Аталған шешім дүйсенбі күні кешке өткен "Қазатомпром" директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды. Компанияның бұрынғы басшысы Нұрлан Қаппаров Қытайдағы іссапары барысында қайтыс болды.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





