Әзербайжанның Орталық банкі 1 ақпаннан бастап Texnikabank-тің банктік қызметінің лицензиясын жойып, ыдыратушы адамды тағайындады, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.
"Мұндай шешім банк біріккен минималды капитал көлеміне қатысты талаптарды орындай алмағандықтан қабылданды. Капиталдың адекватты коэффиценті 3%-дан төмен болған және несие берушілер алдындағы міндетін толық орындай алған жоқ", - делінген банк хабарламасында.
Ал 18 қаңтар күні ОБ жеті банктің лицензиясын жойған. Осылайша, лицензиясы бар банктердің саны 36-ға қысқарды. Бұдан бұрын реттеуші елдің банк жүйесіне оң әсерін тигізе алмаған орташа және кішігірім банктердің лицензиясын жойған болатын.
Әзербайжанның Texnikabank-і 1994 жылы құрылған. Активтері бойынша мемлекеттегі ең ірі 10 банктің қатарына кіреді. 2015 жылдың басында несие ұйымының активтері 609 млн мандатты немесе елдегі банктердің жиынтық активтерінің 2,4%-ын құрады. Ал банктер ондығындағы Texnikabank лицензиясының жойылуы соңғы он жылда болған алғашқы жағдай.
Әзербайжанның ұлттық валютасының девальвацияға ұшырауы 2015 жылы мемлекеттегі банк секторларына кері әсерін тигізді. Банктердің жағдайы шетел валюталарымен салынған депозиттер мен салымдарға байланысты қиын болып отыр.
Осыған қатысты статистика мәліметі бойынша, 2015 жылдың желтоқсанында шетел валюталарында салымы бар халықтың үлесі 76,5%-ды құраған. Fitch халықаралық рейтинг агенттігінің мәлімдеуінше, шетел валютасындағы несиенің меншікті салмағы 2015 жылы 50%-ды ал жыл соңында 60%-ды құрады.
Фото: sputnik.az