Жарғылық капиталы - 55 млрд доллар Бас кеңсесі - Манилада (Филлиппин) Банкті 28 сәуір 2013 жылдан бері Такэхико Накао басқарады.
Азия Даму Банкі - Халықаралық қаржы мекемесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындайтын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк операцияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) елдерінің өкіддері (1998). Банк президентін Басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. Азия даму банкінің президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, Америка Құрама Штатта өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды.
АДБ-ның ауқымды мақсаты кедейлікті төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдерге халықтың кедей жіктері мүдделерінде тұрақты экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қол жеткізуде жәрдем көрсетеді. Өзінің 2001-2015 жылдарға арналған ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламасын басшылыққа алып, АДБ өзара байланысты үш бағытта жұмыс істейді – жеке секторды дамыту, өңірлік ынтымақтастықты дамыту және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу.
АДБ-ның негізгі құралдары қарыздар, кепілдіктер және техникалық көмек болып табылады, олар мүше елдердің үкіметтеріне нақты жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін беріледі.
Банк қызметінің басты бағыттары
Дамушы елдердің экономикалық даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техникалық және экономикалық көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемлекеттерінің ресурстарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — Азия-Тынық мұхит аумағының(АТА) елдеріне экономикалық өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8 пайызы әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі.
АзДБ несиенің көп бөлігін мынадай 5 елге берді: Индо-незия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд. 1980 жылдың басында 8,7%-ға 5 млрд. доллар несие берді. Оның қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым — 2-7 жылдан кейін. Берілген несиенің 1/3-і жеңілдетілген несие, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі..
Несиені беретін негізгі бағыттары — экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп объектілері, ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өңдейтін өнер-кәсіп. Банкінің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне — сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.
Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19-қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруышылығын дамытуға қомақты несие бөлінді.
2004 жылы ҚРҰБ пен Азия Даму Банкінің арасында Өзара түсіністік туралы 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум Азия Даму Банкінің ҚРҰБ-қа «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегін беру туралы келісім болып табылады.
2006 жылғы 8 ақпанда Азия Даму Банкі, ҚРҰБ және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегін көрсету туралы келісімхатқа қол қойылды (Жапония Үкіметінің 800 000 доллар мөлшеріндегі гранты)
Осы бағдарлама шеңберінде Азия Даму Банкінің ҚРҰБ-қа АДБ ТК 4431-ҚАЗ: «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегі мынадай құрауыштар бойынша берді:
- «ҚРҰБ алтын-валюта активтерін және Ұлттық Қорды басқару жүйесін жетілдіру»
- «Ақпараттық технологиялар»
- «Инфляцияны таргеттеу режимін әзірлеу».
2014 жылы АДБ және ҚРҰБ «Қазақстанның сақтандыру нарығының тиімділігін арттыру және кеңейту» техникалық көмегіне қол қойды. Бұл техникалық көмек 2014-2017 жылдары іске асырылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024