2015 жылдың І жартыжылдығында ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының таза табысы 75,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,4 есеге аз. Бұл туралы LS хабарлайды.
Компанияның табыс салығына дейінгі осы жылдың ақпан-маусым айларындағы табысы өткен жылғы кірісімен салыстырғанда 3,2 есеге (456,1 млрд теңгеден - 142,4 млрд теңгеге дейін) төмендеген. Есепті кезеңдегі операциялық пайда 3,4 есеге азайып, 64 млрд теңгеге дейін жеткен. 2015 жылдың І жартыжылдығында "ҚазМұнайГаздың" жалпы табысы 256,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы операциялық пайда көрсеткішімен салыстырғанда 48,3%-ға төмен. Сонымен қатар, есептік кезеңдегі компания кірісі 13,4%-ға түсіп, 1,4 трлн теңге болды. Осы жалдың І жартыжылдығанда "ҚазМұнайГаздың" активтері 1%-ға қысқарылып 8,84 трлн-нан 8,75 трлн-ға түсті. Компанияның меншікті капиталы 4,3%-ға артып 4,6 трлн теңгеге дейін жетті. Міндеттемелері 6,3%-ға азайып 4,4 трлн теңге болды. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы ұйымның таза табысы 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайған болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024