Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз табысы 4 есе азайды

ҚазМұнайГаз табысы 4 есе азайды

2015 жылдың І жартыжылдығында ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының таза табысы 75,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,4 есеге аз. Бұл туралы LS хабарлайды.

Компанияның табыс салығына дейінгі осы жылдың ақпан-маусым айларындағы табысы өткен жылғы кірісімен салыстырғанда 3,2 есеге (456,1 млрд теңгеден - 142,4 млрд теңгеге дейін) төмендеген. Есепті кезеңдегі операциялық пайда 3,4 есеге азайып, 64 млрд теңгеге дейін жеткен. 2015 жылдың І жартыжылдығында "ҚазМұнайГаздың" жалпы табысы 256,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы операциялық пайда көрсеткішімен салыстырғанда 48,3%-ға төмен. Сонымен қатар, есептік кезеңдегі компания кірісі 13,4%-ға  түсіп, 1,4 трлн теңге болды. Осы жалдың І жартыжылдығанда "ҚазМұнайГаздың" активтері 1%-ға қысқарылып 8,84 трлн-нан 8,75 трлн-ға түсті. Компанияның меншікті капиталы 4,3%-ға артып 4,6 трлн теңгеге дейін жетті. Міндеттемелері 6,3%-ға азайып 4,4 трлн теңге болды. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы ұйымның таза табысы 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайған болатын.  

Похожие материалы