Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Қазпошта еліміздегі тұңғыш Цифрлық кеңсенің тұсаукесерін өткізіп, онда «Қуаныш» пен «Сәуле» атты роботтар жұмысқа тұрды. Қазпоштаның тұңғыш Цифрлық кеңсесі Астана қаласында ашылып отыр. Алдағы уақытта Қазпошта мұндай кеңселерді еліміздің бірнеше қаласында іске қосады.

Мұнда қызметтерді әдеттегідей оператор қызметкерлер емес, гибридті банкоматтар, электрондық кассир, поштамат және VR-агент көрсетеді. Қазпоштаның болашақ кеңселерінде клиенттер пошталық және қаржылық қызметтерді өздері атқара алады. Сондай-ақ post.kz сайты қызметтерінің мұнда барлық түрін пайдалануға болады.

Атап айтқанда, ақша аударымдарын жасауға, коммуналдық төлемдерді, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеуге, авиа және теміржол билеттерін сатып алуға және т.б. қызметтерді орындауға болады.

Похожие материалы