Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұзақ уақытқа лизингтік қаржыландыруға қол жеткізуге болады.
Бағдарлама қатысушылары, шарт бойынша, еңбек өнімін 2 есе арттыруы тиіс.
Әзірге қысқа уақыттық қарыздар қоржыны белсенді өсіп келеді. 1 жылдан аспайтын уақытқа берілген несиелер 2017 жылы екі есе көп берілген - 128,5 млрд теңге. Қоржындағы өсім - 22 пайыз.
Ал сала бойынша өсім 2017 жылы 7,5 пайызды көрсетті.
2015 жылдың қаңтар мамырында саладағы өнім шығару 0,7 пайызға қысқарған болатын. Дәл осы кезеңде қысқа уақыттық несиелер де 21,1 пайызға кеміді.
Ал ұзақ уақыттық несиелер бір жылда тек 8,2 пайызға артқан. Биыл мұндай 19,5 млрд теңге несие берілді. Ұзақ уақыттық несиелердің аз берілуі - уақыты өтіп кеткен қарыздардың артуына да байланысты болуы мүмкін. Мұндай қарыздар бір жылда 23,3 пайызға өскен.
Қарыз арқылы қаржыландыруға қол жеткізудің балама жолдарының бірі "Өнімділік 2020" мемлекеттік бағдарламасы болып саналады. Ал азық-түлік өнімін шығару - аталған бағдарламаны жетілдірудегі экономиканың негізгі саласы.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұзақ уақытқа лизингтік қаржыландыруға қол жеткізуге болады.
Бағдарлама қатысушылары, шарт бойынша, еңбек өнімін 2 есе арттыруы тиіс.