Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бәйтерек" ҰБХ: экспортты арттыруға бағытталған 32 компанияға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

"Бәйтерек" ҰБХ: экспортты арттыруға бағытталған 32 компанияға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі орта бизнесті дамытуға байланысты "Бәсекелестікке қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар" атты жаңа бағдарламаны жүзеге асырғалы жатыр. Аталған бағдарлама қазақстандық тауарлардың экспортын арттырып, импорт мәселесін шешуге көмектеседі дейді холдингтің баспасөз-қызметі.

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясында компанияларға еңбек өнімділігін жылына 10 пайызға ұлғайтуға және экспорттық әлеуетін қазіргі деңгейден 30 пайызға дейін арттыруға қолдау көрсетіледі. Жобаға қатысушылар «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының құралдарын пайдалануды көздейтін қаржылық қолдау қолжетімді болмақ, атап айтқанда, бұлар: банкаралық несиелеу, лизингілік мәмілелерді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, инновацияларға гранттар", - дейді басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев. Сонымен бірге іріктелген компаниялар McKinsey&Company компаниясының ынтымақтастығымен консалтингілік сүйемелдеуге иек арта алатын болады. «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасының мақсаты - Қазақстанда аймақтық және әлемдік ауқымдағы компаниялар құру жолымен бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өндірістерді құру болмақ. Бүгінгі күні іріктеу аяқталып, қазақстандық өнім экспортының көшбасшысы болар компаниялар таңдап алынды. Жалпы келіп түскен 300 өтінімнің ішінен 32-сі іріктеліп алынған. Оның ішінде, 20 компания АӨК саласы бойынша, 7 компания - машина жасау және 5 компания - құрылыс материалдары өндірісі саласы бойынша.

Похожие материалы