Орал. 11 сәуір. 7kun.kz - Облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірлік үйлестіру кеңесі мен агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау туралы комиссия отырыстарын әкімдіктің ресми сайтында онлайн көрсету туралы тапсырма берді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Оның мақсаты ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету. Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл бастама облыс әкімінің биылғы тұрғындар алдындағы есебі кезінде көтерілген.
«Кәсіпкерлер мен тұрғындар жобаларды қаржыландыру мен субсидиялар бөлінісінен хабардар болуы қажет. Халық арасында күдік тудыратын, адами қарым-қатынастар бар отырыстардың барлығы да онлайн режим арқылы таратылуы керек. Мемлекеттен бөлініп отырған қаржының жұмсалуын халық біліп отыруы тиіс», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, бастама БҚО әкімдігі, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында жемқорлықтың алдын алу бағытында әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес қолға алынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024