Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БҰҰ Ресейді тоқырау күтіп тұр деп есептейді

БҰҰ Ресейді тоқырау күтіп тұр деп есептейді

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) 2015 жылға Ресейдің ЖІӨ бойынша болжамын күрт төмендетті. Бұл туралы БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментінің баяндамасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Желтоқсан айында әлемдік ұйым РФ экономикасы 0,2 пайызға көтеріледі деп болжаса, қазір 3 пайызға төмендейді деп бағалап отыр. Сондай-ақ, 2016 жылға арналған болжам да төмендеді. БҰҰ Ресейді тоқырау күтіп тұр деп есептейді.

ТМД елдерінің ішінде Ресейге берілген болжам ең төмені. 2015 жылы елдегі құлдырау 2,1 пайыз құлдырап, 2016 жылы 0,9 пайыз ұлғаяды деп есептеліп отыр. Экономикалық және әлеуметтік сұрақ бойынша департаменттің маманы Григор Агабекянның түсіндіруінше, ресей экономикасы бойынша болжамды қайта қарау халықаралық санкциялардан бұрын мұнай бағасының түсуімен байланысты. Өткн жылы БҰҰ баяндамасында мұнайдың орта бағасы 90 доллар деп белгіленген еді. Агабекянның айтуынша, БҰҰ мұнайдың орташа бағасы 2015 жылы 60 доллар, 2016 жылы 70 доллар болады деп болжап отыр. Сарапшының атап өтуінше, қазіргі жағдай Ресейге сыртқы факторларға тәуелділікті азайтып, инвестициялық климатты жақсарту керек. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Ресей ЖІӨ 1,9  пайызға азайды. Экономикалық даму министрлігінің болжамы бойынша, 2015 жылы экономика тағы 3 пайызға қысқарады. Есеп палатасы құлдырау 2008-2009 жылдардағыдай болуы мүмкін деп есептейді. Ол кезде ЖІӨ 7,8 пайызға төмендеген еді.  

Похожие материалы