Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Баға - нарықтық экономиканың негізгі элементі

Баға - нарықтық экономиканың негізгі элементі

Баға - көп функционалды экономикалық құбылыс, (ведущая) алдағы нарықтық категория. Бағаның өзгеруінен көбінесе әлеуметтік, экономикалық, сонымен қатар саяси қайшылықтар туындайды. Сондықтан да басқару құрылымдары (властные структуры) және маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам бағалар туралы барлық жақты және объективті ақпараттарға, олардың өзгеруінің заңдылығы мен тенденциясының терең анализіне қызығушылықпен қарайды.

Баға-тауар бірлігіне берілетін ақша соммасы, тауардың ақшаға айырбасының эквиваленті.

Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы-нарық статистикасына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін жеке (самостоятельный) блок. Баға бойынша ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен табыстарын таңдамалы статистикалық зерттеулердің бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу. Осы қайнар көздердің негізінде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерін фиксталған (фиксированному) жинау (набор) бойынша тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) (кейде өмір құнының индексі деп аталады) есептеледі. Көп елдер (стран) үшін есептеу әдісі бірдей болып келеді. Бұл ТБИ-нің халықаралық салыстыруларын (сопоставления) жүргізуге көмектеседі.

Баға-нарықтық экономиканың негізгі элементі

Баға түсінігі, оның экономикалық табиғаты нарықта баға ойнайтын екі рольде сипат алады (проявляются). Ол мына түрде болады:

-нарық конъюктурасы мен саясатын көрсететін индикаторы ретінде (сұраныс пен ұсыныс байланысы (соотношения), саудалық және экономикалық тәуекел, қаржы-несиелік жағдайлар, нарықтағы бәсекелестіктің дәрежесі және т.б.);

-сұраныс пен ұсынысқа, нарықтың құрылымына, теңгенің сатылымдық қасиетіне және т.б. әсер ететін нарықтың маркетингтік реттеуіші (регулятор) ретінде. Бағаның реттеуіш ретінде ресурстарды қолдануды шектеуге көмектеседі және ол өндіріс үшін мотивация болып табылады.

Нарықтық баға әр түрлі функциялар атқарады. Баға-бұл тауарларды ақшаға ауыстыруда (соизмеритель) және делдал. Баға-нарық конъюктурасының маңызды көрсеткіші, сұраныс пен ұсыныстың байланысы мен құрылымының, деңгейінің факторы. Баға-тиімділікті (эффективность) басқарудың және пайда табудың құралы, салық салудың факторы. Баға-бұл инфляциялық процестердің маңызды құраушысы, инвестициялық саясатқа әсер ету құралы (бағаның көтерілуінен (өсуінен) инвестицияның (привлекательность) өседі). Баға-еңбек нарығына, тұтынудың көлемі мен құрамына, әр түрлі әлеуметтік топтардың нақты табыстарының деңгейіне әсер ететін халықтың өмірінің дәрежесінің күшті (мощный) факторы. Сонымен қатар, баға-бұл бәсекелестік күрестің қаруы.

Бағаның түсінігін түсінудің тағы бір әдісі экономикада бағалардың ойнайтын ролін суреттейтін оның функцияларын қарастыру.

Бағаның алғашқы функциясы-өлшемдік (измерительная). Бағаның арқасында тауардың құнын өлшеуге, анықтауға болады, басқаша айтқанда, сатылған тауарлар үшін сатып алушы қанша ақша беру керектігін анықтау. Бағалар ақшаға төлем құралы ретінде сату-сатып алу актінде сандық анықтамалыққа (количественная определенность) ие болуға мүмкіндік береді. Тауарлардың бірлігінің даналық, көлемдік, салмақтық бағасын біле отырып және оны сатушының сататын көлеміне және сатып алушының алатын бірлігіне көбейте отырып, біз тауарлар мен қызметтерге ақшалай төлемдердің көлемін анықтаймыз. Еңбектің, жұмыс күшінің бағасын есептей отырып, жалақы есептеледі.

Бағаның өлшемдік функциясынан басқа әр түрлі тауарлардың құндылықтарын салыстыра қарама-қарсы қоюға бағытталған (соизмерительная) функциясы бар. Бағаларды салыстыра отырып, біз өте немесе кішкене қымбат, қымбат және арзан тауарларды ажыратуға мүмкіндік аламыз.

Өлшемдік функциясының арқасында баға есептік (учетная) функцияға ие болады. Физикалық бірліктерді өлшенген материалды-заттық түрдегі тауарлардың сандық және сапалық көрсеткіштерін ақшалай бірліктерде өлшенген (адекватные) көрсеткіштерге ауыстырсақ, баға есептің қосалқы құралына айналады. Кәсіпорынның мүліктік кешенінде 5 қондырғы бар екендігі бекітілгенге қарағанда, есептің жалпы соммасы 15 млн. ақшалай бірлік болатын әрбіреуінің бағасы 3 млн. ақшалай бірлік болатын 5 қондырғы бар екендігін куәландыруы ыңғайлы. Бағаның есептік функциясы өнім өндіруге кеткен шығындарды да есепке алуға мүмкіндік береді.

Есеппен қатар баға өлшеуіш ретінде көрсеткіштері ақшалай түрде қолданылатын талдаудың (анализ), болжаудың, жоспарлаудың маңызды құралдарының бірі бола алады.

Бағалардың жоғарыда аталған функцияларынан оларды экономикалық процестерді реттеудің құралы ретінде қолдану мүмкіндігі туады. Сонымен, нарықтық экономикада баға-бұл тұтынушы немесе сатып алушының жауапты реакциясымен олардың төлеміне тауарларды сатушы немесе өндірушінің ақшалай сауалын (запрос) ұштастыратын сұраныс пен ұсыныстың теңесуінің негізгі құралы. Реттеуші баға реттеу процесінде пайда болады және оған бұл мағынада реттелетін болуы тән. Сондықтан да дәрежесі сұраныс пен ұсынысты теңестіруге сәйкес келетін тең (равновесные), яғни өзі қалыптасатын (самоустанавливающиеся) бағалар көмегімен тауар-ақша процестерін реттеу (саморегулирования) функциясы туралы сөз қылған нақтырақ болатын еді.

Баға үлестіру (распределительная) функциясын атқара алады. Оның мәні өнімнің бағасымен байланысты сол немесе басқа өнімге сұранысты қайта үлестіру арқасында тауар ұсынысына, жетіспейтін (дефицит) тауарладың өндірісін кеңейтуге және артық (избыточный) тауарлардың өндірісін қысқартуға әсер ету мүмкіндігінде. Соның арқасында инвестициялар ескі салалардан ағып шыққан қаржылар арқасында өндірістің аз дамыған салаларына көбірек бағытталады.

Баға өте маңызды әлеуметтік функцияны атқарады. Баға және оның өзгеруімен жанұяның тұтыну (потребительский) бюджеті, өмір деңгейі (уровень жизни), өмір сүру минимумы, шығындары, қызметтер мен игіліктерді тұтыну көлемі мен құрылымы байланысты. Бағаның деңгейі мен оның өсуіне адмдардың әлеуметтік реакциясы сезімтал және жоғары. Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бөлшектік (розничные) бағаларды тұрмыстық қабылдауда (восприятие) адамдар бағаның өскені өмір деңгейін төмендетеді, ал бағаның төмендеуі өмір деңгейін жақсартады деп ойлайды. Бұл жағдайда әдетте тұтыну құрылымы, табысьар, тауарлардың нарықта болуы сияқты басқа, бағалық емес факторлар ескерілмейді.

Еліміздің халықтық шаруашылығында іске асырылатын ішкі функцияларымен қатар, бағалар елдер арасында өзара есептеулердің (расчеты), сыртқы төлемдердің, сауда келісімдерінің құралы ретінде сыртқы экономикалық функциялар атқарады.

Өндірушінің сатудан түсетін түсімді ұлғайту үшін өнімнің сапасы мен өндіріс көлемін үлкейтудегі қызығушылығына әсер ете отырып, бағалар ынталандыру функциясын атқарады. Бұл әсер етудің механизмі өндірушінің тауарлар мен қызметтер, өнімдер бағасымен байланысты кіріс пен табысты ұлғайту мүддесі арқылы өтеді. Бұл функцияның бәсекелестік нарықтық және дефициттік бәсекелессіз экономикада көрініс табуларының арасындағы айырмашылық, бірінші жағдайда, өндіруші тауар көлемін, сапасын және бағаны, ал екіншісінде-тек қана бағаны көтеруге тырысуында.

Нарықтық экономикада бағалар көптеген функциялардан босатылған (мысалы, жоспарлық) және негізінен ақшалай мазмұнды іске асыратын нарықтық реттеуіш және ынталандырғыш ретінде қолданылады.

Баға-объективті (әділ) категория, оның көлемі ақша айналымы, сұраныс пен ұсыныс заңдарының әрекетіне байланысты.

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.

Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал болып табылады.

Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.

Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.

Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы.

Ұсыным- бұл нарықта тұрған немесе соған жетуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы.

Ұсыным, өндірілген тауарлардың ассортименті ( әр алуан жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды; өз кезегінде сұраным, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымы мен белгілейді, себебі тек-қана тұтыну мен танылатын тауар ғана қайта өндіріле алады.

Нарықтық бағамен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында ұсыным қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас болады.

Ұсыным қисығының сызығы, әдетте оңтүстік- батыстан солтүстік-шығысқа қарай көтеріледі.

Жоғарыда көрсетілген кесте шығарылатын өнім көлемінің (х)нарықтық бағадан (Р) тәуелділігін көрсетеді.

Баға –Р1, өнім -Х1 сәйкес, ал баға- Рс және Р2 –ге дейін төмендесе онда өнім- Хс және Х2 –ге дейін азаяды. Баға Р1 >Р2, ұсыным көлемі Х1 >Х2-ге сәйкес басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады.

Ұсыным мөлшерінің көбеюі ұсыным қисығының сызығын оңға қарай (S2S2) ал ұсыным мөлшерінің азаюы солға қарай (S1S1) жылжытады. Оны 4- суреттен көре аламыз.

Қорытынды

Жоғарыда айтқандарға қорытынды жасасақ, тауар шаруашылығы жағдайында рынок қоғамдық өндірістің  реттеушісі болады. Рынок арқылы тауарлар өндірісінің құрылымының қоғамдық қажеттіліктер құрылымы мен көлеміне өз бетінше бейімделуі, өндіріс факторларын әр түрлі салалардың арасында бөлу жүзеге асады, яғни қанша өндіру  керек екені шешіледі. Рынок өндірістің қай жағдайлары қоғамдық қажеті  екенін анықтайды, шығындарды азайту және еңбек өнімділігімен, өндірістің техникалық деңгейінің  өсуін ынтландырады да , осы арқылы, тауарлар қалай, қандай ресурстардың көмегімен және қандай технологиямен өндірілетінін анықтайды. Ақырында, рынок – тауарлар кімдер үшін өндірілу керек, әр түрлі табыстар мен әр түрлі мамандығы бар халықтың, әр түрлі бөлігінің арасында ұлттық табыс қалай бөліну керек мәселесін шешеді. Нақ осы тұтынушы өз қолындағы  ақшаны пайдалана отырып, ақыр соңында  не өндірілетіне, өндірілген тауарлар қайкеткеніне қызмет етеді.

Рыноктық механизм өз қызметінің кәсіпкерлік екендігін, әр түрлі  қолдану салаларына ресурстардың ауысуы мен баға құрылу еркіндігін, сатып алушылар мен сатушылардың таңдау еркіндігін білдіретін экономикалық қатынастарды барынша тиімді жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, рыноктық экономика – мемлекеттің араласуынсыз тиімді қызмет істеу қабілеті бар және белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Жүз мыңдаған тауарлар, рынок заңымен орталықтанған басқарусыз өндіріледі, сонымен қатар сұраныс пен  ұсыныстың теңдігі қамьамасыз етіледі.

Рыноктық механизмде тепе-теңдік орнату тенденциясы өзіне жолды тепе-теңдікті тұрақты түрде бұзу арқылы салады . Жеке кәсіпкерлер қоғамдық қажеттіліктер мен сұраныстың өзгеру тенденциясын дәл анықтай алмайды, сондықтан материалданған еңбек шығындары артық болып қалуы мүмкін.

Бағамен ұсыныстың өз бетінше ауытқуы өндіріске қатысушылардың жағдайларының тұрақсыздығын қалыптастырады баға төмендеуіне байланысты өндірушілердің белгілі бір бөлігі бұл саладан шығарылып жіберіледі, ал бұл кәсіпкерлер үшін толық зиянға отыру болса, жұмысшылар үшін жұмыссыздыққа ұшырау болады. Рыноктық экономикада тауарлар ақша көп болған жаққа қарай бағытталатын болғандықтан, рынок табыстық жетіспеушілігімен байланысты  кейбіреулерді  салыстырса, ал басқаларсалыстыруға болмайтын немесе шектен тыс табыстар алуы мүмкін.

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
  1. Әубәкiров Я. Ә. Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория.  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
  2. С.Әкiмбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 446 б.
  3. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
  5. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
  6. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784с.
  7. Статистическии ежегодник. Алматы. – 2004г.

Похожие материалы