Экономика
Бағдат Майкеев бостандыққа шықты
ҚР Қорғаныс министрінің экс-орынбасары Бағдат Майкеев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Еске сала кетейік, Бағдат Майкеевті 2014 жылдың 9 ақпанында Астанада ҰҚҚ қызметкерлері тұтқындап, "252 млн 355 мың. теңге және $147 мың пара алды", "заңсыз қару сақтады" деп айыптаған еді. 2014 жылдың маусым айында сот 6 жылға соттау туралы үкім шығарған. Сондай-ақ мемлекеттік марапаттары мен геренал-майор шенінен де айырып, 3 жыл бойы мемлекеттік қызметпен айналыспау туралы шектеу қойған еді.
Алайда кейін белгілі болғандай Майкеев қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Тергеу кезінде ота жасалғандықтан, сот бірден жазасын жеңілдеткен еді.
Б.Майкеев 2011-2014 жыл аралығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Оған дейін ол ұзақ жылдар бойы ІІМ саласында басшы қызметтерін атқарған.