Экономика
Выбор редактора
БАӘ халал туризмді дамытуға 350 млн доллар бөлмек
БАӘ халал туризмге алдағы 5 жылда 350 миллион доллар инвестиция салады. Halal Focus-тың хабарлауынша, аталған болжамды халал туризм жөніндегі Әлемдік саммит директоры Энди Бьюкенен (Andy Buchanan) жасаған. Қаражат ислам нормаларына сәйкес келетін жаңа қонақ үйлер мен шипажайларды салуға және дамытуға жұмсалмақ.
Бүгінде БАӘ-де 30-дан аса халал туризм брендтері белгілі. Соның ішінде шариғатқа сай қызмет көрсететін 4 ірі қонақ үй желісі бар.
Тамыздың басында Fusion Tour түрік туркомпаниясы клиенттеріне Эгей теңізімен алғашқы халал саяхатқа шақырған еді. Кемеде шошқа етінен жасалған тағамдар мен ішімдік мүлдем болмайды. Ерлер мен әйелдер үшін бөлек спорт залдары, спа-орталықтары, түрік моншалары жұмыс істейді.
Global Muslim Travel Index 2015 есебіне сәйкес, 2014 жылы халал туризмді таңдаған туристер саны 108 млн адамды (барлық туристердің 10 пайызын) құраған. Ал, сала айналымы 145 млн доллардан асқан. 2020 жылға қарай аталған көрсеткіш 200 млрд доллардан асады деген болжам жасалып отыр.