Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАҚ әлем бойынша ауқымды кибершабуыл жасалғаны туралы жарыса жазуда

БАҚ әлем бойынша  ауқымды кибершабуыл жасалғаны туралы жарыса жазуда

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Әлемнің көптеген мемлекеттері ауқымды кибершабулыға ұшырады.

Киберқауіпсіздікпен айналысатын MalwareHunterTeam тобының мәліметінше шабуылға ұшырағандардың қатарында Ұлыбритания,  Испания, Италия, Германия, Португалия, Турция, Украина, Қазақстан, Индонезия, Вьетнам, Япония мен Филиппин, Ресей, Тайван бар. Соңғы екеуі басқаларға қарағанда айтарлықтай зардап шеккен.

MalwareHunterTeam зерттеушілерінің айтуынша аса қатты жылдамдықпен тараған жаңа вирус компьютерлерді  блоктап, хакерлер оны шешу үшін биткойнмен төлем жасауды талап еткен.

Мамандардың мәліметінше жаңа вирус 2017 жылдың ақпанында пайда болған WCry/WannaCry бағдарламасының жетілдірілген түрі. WanaCrypt0r 2.0 деп аталған вирус әлемнің 74 елінде 45 000 компьютерге шабуыл жасаған. Касперский зертханасының ақпаратынша ең көп зақымдану Ресейде болған.

Айта кетейік кеше Қазақстандық мұнай компаниясына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған едік.

Дінмұхаммед Алдаберген

Похожие материалы