НЬЮ-ЙОРК – Америкадағы оңшыл плутократтар елдегі негізгі мәселелер - мысалы, теңсіздік, баяу даму, төмен өнімділік, опиоидтық тәуелділік, нашар мектептер және инфрақұрылымның нашарлауы туралы бір пікірге келіп, келіспесе де, оларға ондай мәселелер шешімі әрқашан бірдей көрінеді: инвесторларды «ынталандыру» және экономиканы «босату» үшін салықты төмендету мен қайта реттеу. Президент Дональд Трамп Американы қайтадан ұлы ел ету үшін осы жинтыққа сенім артуда.
Оның ойы орындалмас, себебі олай ешқашан болмаған. 1980 жылы президент Рональд Рейган осы ойды сынап көргенде, ол салық түсімдерінің көтерілетінін мәлімдеген еді. Оның орнына, экономика өсуі баяулады, салық түсімі құлдырады, жұмысшылар зардап шекті. Үлкен жеңімпаздар, салық мөлшерлемелерінің күрт төмендеуінен пайда көрген, корпорациялар мен байлар болды.
Трамп әлі нақты салықтық ұсынысты әзірлеуі керек. Бірақ оның әкімшілігінің денсаулық сақтау заңнамасына қатысты тәсілімен салыстырғанда, мұнда ашықтықтың болмауы оған көмектеспейді. Осы ұсыныстың салдарынан денсаулық сақтандыруынан айрылатын 32 миллион адам жағдайдың енді қалай болатынын білмей отырғанда, Трамптың салық реформасынан зардап шегетін компаниялардың жағдайы мүлдем басқа.
Міне, Tрамптың дилемасы осында. Оның салық реформасы табысқа бейтарап болуы керек. Бұл саяси императив: қарапайым американдықтар қиналып жатып, ал корпорациялар триллион доллар қаражатпен отырғанда, корпоративтік салық салудың орташа мөлшерін төмендету ақылсыз болар еді, әсіресе 2008 жылы дағдарысқа әкеп соқтырған және бұл ісі үшін ешқашан жауап бермеген қаржы секторына қатысты салықтар қысқаратын болса. Сонымен қатар, Сенаттың процедуралары бойынша, өздеріне сенімді оппозициялық демократтарды жеңу үшін қажетті супер көпшілік дауысының бестен үшіне қарағанда, қарапайым көпшілікпен салық реформасын қабылдануы үшін реформа он жыл бойы бюджетке қатысты бейтарап болуы керек.
Бұл талап бойынша орташа корпоративтік салық түсімі бірдей болуы тиіс, яғни бұл жеңімпаздар мен жеңілгендер де болатынын білдіреді: кейбіреулері қазіргіге қарағанда аз салық төлейді, ал басқалары болса, көп төлейтін болады. Жеке табыс салығы бойынша кейбіреулер бұл жағдайды өз пайдасына қолдана алуы мүмкін, себебі, егер жеңілгендер оны байқап қойса да, олар жеткілікті ұйымдаспаған. Керісінше, Құрама Штаттардағы тіпті кішігірім кәсіпорындар да Конгресті қолпаштайды.
Көптеген экономистер Американың қазіргі салық құрылымының тиімсіз және әділетсіз екенімен келіседі. Кейбір фирмалар басқаларға қарағанда әлдеқайда жоғары салық мөлшерлемесін төлейді. Мүмкін, жаңа жұмыс орындарын құратын инновациялық фирмалар салықтық үзіліспен марапатталуы керек шығар. Бірақ салық жеңілдігін алуға мүмкіндік беретін жалғыз жол не себеп қазір олардың лоббистерінің нәтижеге қол жеткізе алуы болып тұр.
Ең маңызды мәселелердің бірі американдық корпорациялардың шетелде тапқан табысына салынатын салыққа қатысты. Демократтардың пікірінше, америкалық корпорациялар қай жерде жұмыс істесе де, олар Американың заңы мен билігі арқасында (жиі мәміле шарттарымен кепілдік етілген) заңсыз істерден қорғалғаны үшін, олар осы және басқа да артықшылықтар үшін төлеулері керек. Бірақ әділдік пен өзара көмектесу сезімі, тіпті ұлттық бейілділік, көптеген американдық компаниялар үшін жат болғандықтан, олар бас штабын шетелге көшіреміз деп қорқытады.
Республикашылдар болса, осы қауіпті ескере отырып, көптеген елдерде қолданылатын аймақтық салық салу жүйесін қолдайды: салықтар экономикалық әрекеттер орын алған елде ғана салынуы тиіс. Мәселе мынада: американдық фирмалар шетелде сақтайтын салық салынбаған пайдаға біржолғы төлемді енгізуден кейін, аумақтық жүйені енгізу салық шығынын тудырады.
Мұны шешу үшін АҚШ Өкілдер палатасының спикері Пол Райан, таза импортқа (импорттан экспортты алып тастағанда) салық салуды ұсынды. Таза импорт жұмыс орындарын жоюға әкеліп соқтырғандықтан, оларды тоқтату керек. Осылайша, АҚШ-тың таза импорты қазіргідей жоғары деңгейде бола тұра, мұндай салық өте үлкен кіріс әкеледі.
Бірақ ақша біреудің қалтасынан алынуы керек. Импорттық бағалар өсе түседі. Қытайдан арзан киімді сатып алушылар ең қиын жағдайда болады. Трамп командасы үшін бұл зақым әкеледі, Америка плутократтарына көбірек ақша беру үшін төленуі керек еріксіз құн болмақ. Бірақ Walmart сияқты бөлшек саудагерлер өз клиенттерімен қоса сөзсіз залал көретін болады. Walmart бұл туралы біледі - және бұған жол бермейтіні анық.
Басқа корпоративтік салық реформалары мағыналы болуы мүмкін; бірақ олар да жеңімпаздар мен жеңілгендерді қамтиды. Және, егер жеңілгендер көп және жеткілікті түрде ұйымдасқан болса, оларда реформаны тоқтату мүмкіндігі де болады.
Корпоративтік салық реформасының экономикасы мен саясатын терең түсінетін саяси тұрғыдан алғанда зиялы президент Конгресті орынды реформа пакетіне жақындатуы мүмкін еді. Трамп ондай көшбасшы емес. Егер корпоративтік салық реформасы мүлде болмаса, онда ол жабық есіктер артында шешілген бір мағынасыз қоспа болады. Салықтың жаппай қысқартуы ең ықтимал жағдай болып тұр: бүгінде құмар ойындар сияқты кір іс-әрекеттері арқылы байлыққа ие болған ашкөз магнаттар қолдамағандықтан, болашақ ұрпақ жеңілгендер қатарында болады,
Мұның бәрі салық мөлшерлемелерін төмендету өсуге ықпал етеді деген ескірген оймен әдеміленіп тұр. Бұл үшін теориялық немесе эмпирикалық негіз жоқ, әсіресе АҚШ сияқты шекті инвестицияның көп бөлігі қарыздар есебінен қаржыландырылатын және пайыздарға салық салынбайтын елдерде. Шекті кіріс және шекті шығындар пропорционалды түрде төмендейді, ал инвестициялар негізінен өзгеріссіз қалады. Шын мәнінде, жеделдетілген амортизация мен тәуекелдерді бөлуге әсерді ескере отырып, мұқият жасалған шолу салық мөлшерлемесін төмендету инвестициялар азаюына апаратынын көрсетеді.
Кішігірім елдер тек ерекшелік болып табылады, өйткені олар өздерінің «көршілерін кедейлендіру» атты олардың корпорацияларын өзіне тартып алу саясатын жүргізе алады. Бірақ жаһандық өсім негізінен өзгермеген - біреуінің есебінен бірі пайда табатындықтан таратушы әсерлер тек оған біршама кедергі етеді. (Және бұл басқасы жауапкершілік алмай, тек түбіне жеткізетін жарысты жандандыруын білдіреді).
Көптеген мәселелерге тап болған елде, әсіресе теңсіздік орнаған елде, бай корпорациялар үшін салық жеңілдіктерін жасау олардың ешбірін шешпейді. Бұл корпоративтік салықтық жеңілдіктерін қарастырып жатқан барлық елдер үшін сабақ болып тұр, тіпті тәжірибесіз, күйрек плутократ тәрізді басшыға ие болу бақытсыздығына ұшырағандар үшін де.
Автор туралы: Джозеф Стиглиц, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Рузвельт институтында бас экономист, ал Колумбия университетінде профессор болып жұмыс жасайды. Оның ең соңғы кітабы - Еуро: ортақ валюта Еуропаның болашағына қандай қауіп төндіріп тұр.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024