Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 7 қаңтардан бастап кішкентай баланы велосипедпен алып жүру айыппұлға әкеліп соғады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Велосипед тек бір жолаушыға, яғни айдап келе жатқан адамға ғана арналған, сондықтан тағы бір адамды алып жүруге тыйым салынады", - деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов.
Осыған дейін күшінде болған Жол қозғалысы ережелері бойынша, қазақстандықтар 7 жасқа дейінгі балаларды сенімді нық орналасқан қосымша орындық болған жағдайда велосипедпен алып жүре алатын. Алайда, Заңның жаңа нұсқасында велосипед пен мопед жүргізушілеріне балаларды тасымалдауға мүлдем тыйым салынған. ІІМ аталған бап бұзылған жағдайда жауапты тұлға 0,5 АЕК, яғни 991 теңге төлейтінін мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024