Сұрақ: Кредитке алған көлігімді банк тартып алды. Біраз жыл төлегем, әлі 5 жыл төлеуім керек еді. Отбасылық жағдайға байланысты біраз уақыт төлем жасай алмадым. Банк енді көлігімді қайтармай, қалған төлемді толық жаса деп отыр. Бұл қаншалықты заңды?
Айбек, Алматыдан
Жауап: Айбек, мұндай оқиға бұған дейін де бірнеше рет болып, прокуратура тарапынан жауап берілген екен. Назарыңызға сол жауап негізінде дайындалған ақпаратты ұсынамыз.
Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi ҚР Азаматтық Кодексінің 317 бабында көрсетілген. Осы баптың 1 бөлігінде былай жазылған: борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.
Алайда 2 бөлігінде кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн ретінде егер борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмеуі көрсетілген.
Бұл бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде, яғни: 1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда; 2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу өте болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8 бабының 1 бөлігіне сай, әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Аталған заңнамаға сай Сіз банктің автокөлігіңізді алып алуына байланысты туындаған дау мәселесі бойынша тиісті талап арызбенен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Сонымен қатар, Сіз бұл дауды сотқа дейін өзара реттеудің тәртібін қолдана аласыз. Сондықтан, Сіз, несие берген Банкке өзіңіздің несиені төлеу бойынша міндеттемеңізді уақытылы орындау мерзімін өткізіп алу себептерін, яғни өзіңіздің материалдық және отбасылық басқа да туындаған дәлелді себептеріңізді көрсетіп, бұл мәселенің шешімін табу үшін тиісті арызбен жүгінуіңізге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024