Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Банктер шағын бизнеске ұзақ мерзімді несие беруді қалайды, деп жазады abctv.kz.
Сенімді ұзақ мерзімді қарыз берудің көлемі 12%-ға өскен, ал жоғары тәуекелді және қысқамерзімді несие беру, керісінше, екі есе қысқарған.
2017 жылдың қарашасының қорытындысы бойынша шағын бизнеске берілген несие көлемі 3,1%-ға азайған, бір жылда 2,9 трлн теңгеге дейін қысқарған. Бұған қоса 2017 жылыдң қараша айының өзінде ШКС несие қоржыны бірден 8,0%-ға қысқарған. Банктер ұзақмерзімді сенімді несие бергенді дұрыс көріп отыр, бұл несие түрінің үлесі бір жылда 74,8%-дан 86,2%-ға дейін өскен, ал көлемі 2,2 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін өскен. Ұзақмерзімді несие бойынша мерзімін кешіктіру үлесі бір жылда 37,1%-дан 35,7%-ға азайған. Ал қысқамерзімді несие көлемі бір жыл ішінде 2 есе қысқарып, 748,4 млрд теңгеден 395,3 млрд теңгеге дейін азайған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024