Сәлеметсіз бе? Біз банктен ақшалай жəне товарный несие алған едік. 5 ай төледік, 5 айдан кейін белгілі себептермен төлей алмай қалдық. Енді 3 ай болды карточкамызды блокировкаға түсіріп тастады. Карточкамыздың ішіндегі барлық ақшаны аударып алыпты. Банкке бардық. Олар "150000 теңгедей ақша әкелініңдер, сол кезде ашамыз" деді. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
Бозымбекова Айман, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Айман, банк алдындағы міндеттемелеріңізді орындамағандықтан, яғни 5 айдан кейін төлем жасауды тоқтатқандықтан банк төлем карталарыңызды блоктаған. Бұл жағынан банктікі заңды. Сіздер банктен қарыз алып отырсыздар. Сондықтан келісім-шартта көрсеткендей, өз міндеттемелеріңізді орындау керек. Орындалмаған жағдайда банк заң аясында берген қарыз сомасын пайызымен қайтарып алуға құқылы. Картаны да блоктауы заңды. Бірақ, банк картаңыздан 50 пайызға дейін ғана көлемде сома алуға құқылы. Толық алып отырған жағдайда сотқа шағымдансаңыздар болады.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024