Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша несиеге 5 мың өтінімді қабылдады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
"Қазіргі таңда "Бақытты отбасының" 3275 қатысушысы қоныс тойын атап өтті. Бағдарламаға Нұр-Сұлтан (754 өтінім қабылданды), Алматы (591 өтінім қабылданды) және Ақтөбе (498 өтінім қабылданды) облыстарының тұрғындары белсенді қатысып жатыр", - деп хабарлады банкте.
Берілген өтінімдердің тағы 1161-і бойынша да оң шешім қабылданды.
"Бұл "Бақытты отбасы" байқауына қатысатын отбасылардың баспана іздеп жүргендерін білдіреді. Бұған 3 ай беріледі. Пәтерді бастапқы және қайталама нарықтан немесе жеке үйді сатып алуға болады. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үйге кезекте тұрған аймақтан сатып алу керек", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ең көп пәтер алғандар Нұр-Сұлтан (600 қарыз берілді), Алматы (422 қарыз берілді) және Ақтөбе (355 қарыз берілді) облыстарының тұрғындары болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024