Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бақытты отбасы" бағдарламасымен 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

"Бақытты отбасы" бағдарламасымен 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша несиеге 5 мың өтінімді қабылдады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"Қазіргі таңда "Бақытты отбасының" 3275 қатысушысы қоныс тойын атап өтті. Бағдарламаға Нұр-Сұлтан (754 өтінім қабылданды), Алматы (591 өтінім қабылданды) және Ақтөбе (498 өтінім қабылданды) облыстарының тұрғындары белсенді қатысып жатыр", - деп хабарлады банкте.

Берілген өтінімдердің тағы 1161-і бойынша да оң шешім қабылданды.

"Бұл "Бақытты отбасы" байқауына қатысатын отбасылардың баспана іздеп жүргендерін білдіреді. Бұған 3 ай беріледі. Пәтерді бастапқы және қайталама нарықтан немесе жеке үйді сатып алуға болады. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үйге кезекте тұрған аймақтан сатып алу керек", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ең көп пәтер алғандар Нұр-Сұлтан (600 қарыз берілді), Алматы (422 қарыз берілді) және Ақтөбе (355 қарыз берілді) облыстарының тұрғындары болды.

Похожие материалы