Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Барби қуыршағы балаңызбен сөйлесіп, Wi-Fi желісіне қосыла алады

Барби қуыршағы балаңызбен сөйлесіп, Wi-Fi желісіне қосыла алады

Барби қуыршағын осыдан 55 жыл бұрын Mattel компаниясы шығара бастаған еді. Осы күнге дейін құндылығын жоймаған қуыршақ үшін компания тағы бір жаңа нұсқа ойлап тапты. Жаңа нұсқаның атауы Hello Barbie деп аталады. Бұл қуыршақты ToyTalk компаниясы жоғары технологииялық компоненттерден әзірледі. Hello Barbie балаңызбен сөйлесе алады. Одан бөлек ғаламторға Wi-Fi желісі арқылы қосыла алады.

Қуыршақ сәбиіңіздің әңгімесін жазып алады. Ол жазба кейін ата-анасының электронды поштасына барады. Осылайша, жұмыста болған кезіңізде де балаңызды қадағалап отыра аласыз. Қуыршақ микрофон, динамик, кішкене компьютер және бір сағат ойнауға мүмкіндік беретін аккумулятордан тұрады. Барбиді іске қосу үшін белдігіндегі батырманы басу керек.

Баланың барбимен әңгімесі тіркеліп, шифрланған ToyTalk серверіне жіберіледі. Ол жерде дауыс тану бағдарламасы арқылы талдама жасалып отырады. Hello Barbie бала сұрауы мүмкін деген сұрақтарға жауап бере алатындай етіп дайындалған.

Ақпарат көзі: 4pda.ru

Похожие материалы