Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Barclays және HSBC банктері ФИФА-дағы жемқорлыққа байланысты тергеу жүргізуде

Barclays және HSBC банктері ФИФА-дағы жемқорлыққа байланысты тергеу жүргізуде

Ірі британдық Barclays Plc және HSBC Holdings Plc банктері Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шенеуніктерін параға жығу үшін пайдаланылды деп отырған қаражаттың алмасуын зерттеп жатыр деп хабарлайды MarketWatch.

Олардың айтуынша, зерттеу жүргізілуде, бірақ нақты транзакциялар туралы әзірше анықталған жоқ.

Өткен аптада АҚШ-тың әділет министрлігінің футбол ұйымының жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы шығарған айыптауарында Barclays және HSBC, сонымен қатар британдық Standard Chartered банкі аталады.

Standard Chartered өкілдері осы ауыптауларда банк арқылы өткізілген ауыптауларды растады, бірақ бұдан әрі түсініктеме беруден бас тартты.

Barclays және HSBC басшылықтары да түсініктеме берді.

Бұған дейін Америка билігі ақшаның ізін жасыруға қарсы күреске жеткілікті дәрежеде күш салмайды деп HSBC банкіне 1,9 млрд доллар көлемінде айыппұл салғаны белгілі.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ әділет министрлігі өткен аптада спортқа байланысты корпорациялардың бес басшысына және тоғыз футбол акционеріне қарсы олар шамамен 150 млн доллар әкелген сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген айып таққан болатын. Айыптаулар пара алу мақсатымен бопсалауды, электрондық құралдарды пайдалану арқылы алаяқтық жасауды және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруды қамтиды.

Мына сілтеме арқылы сайтымыздан ФИФА-дағы жемқорлық дауына хронологиялық тәртіпте шолу жасайтын материалды оқи аласыз.

Похожие материалы