Атырау облысы
Облыс 1938 жылы құрылып, республиканың батыс жағына орналасқан*. Облыс аумағы 118,6 мың шаршы км-ге тең. 2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі – Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады. Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл – Индер (110,5 ш.м.). Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады. Облыс орталығы – Атырау қаласы** Жайық өзенінің бойына орналасқан, оның негізі 1640 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Атырау қаласынан Астанаға дейін қашықтық 1810 км. Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 поселке, 183 селолық елді мекендер орналасқан, қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам. Облыстың ұлттық құрамы 2007 жылғы 1 қаңтарға төмендегіше: қазақтар – 90,9%, орыстар – 6,9%, татарлар – 0,5%, украиндықтар – 0,3%, немістер – 0,1%, белорустар – 0,1% және басқалар – 1,3% құрады. Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны; құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы, сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы; байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы; транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания «Атырау ӘуеЖолы» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды. Атырау қаласы Атырау қаласы – Атырау облысының орталығы, ол Жайық бойына орналасқан, қаланың негізі 1640 жылы қаланды. Қала аймағы – 3,5 мың ш.км. Атырау қаласы мен Астана қаласының ара қашықтығы – 1810 км. Климаты өте континентальдық, қуаң. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. 2007 жылғы 1 қаңтарда қала әкімшілігі тұрғындарының саны 207,2 мың адам құрады: оның ішінде: Атырау қаласында – 154,1 мың адам; Балықшы поселкесінде – 17,1 мың адам; Жұмыскер поселкесінде – 6,7 мың адам; Ауылдық тұрғындар – 28,2 мың адам. 2007 жылғы 1 қаңтарда 5195 заңды тұлғалар тіркелінді, оның 4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар. Жалпы білім беретін мектеп саны – 68; Мектепке дейінгі мекеме саны – 25; Жоғарғы оқу орны – 4; Орта арнаулы оқу орны – 11. 2006 жылы 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 млн.кВт/сағ; жылу қуаты – 1624,4 мың гКал құрады. Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді. Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Қазтранойл», «Атыраубалық», «Заман групп», ЖШС-рі, «Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда. Жылыой ауданы Аудан 1928 жылы құрылған. Оның аумағы 29,3 мың ш.км. Аудан Каспий жағалауының солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Халық саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 69,7 мың адам құрады. Аудан бойынша халықтың орналасу тығыздығы (1 ш. км-ге) орташа есеппен - 2,4 адам. Аймақ рельефі - жазық. Жылыой ауданының аймағын Жем (Эмба) өзені қиып өтеді. Аудан орталығы – Құлсары поселкесі, ол 1939 жылы құрылған. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығында 48,6 мың адам орналасқан. Аудан орталығының Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы - 230 км. Аудан жерінде көне-тарихи ескерткіштер, мысалы: алтын киімді Сарматтар көсемінің (біздің эрамызға дейінгі 2-4 ғасырда) жерленген мәйіт қалдықтары, Ұшқан қабірі, Шерлігүл мешіті, Жұбан тамы орналасқан Аралтөбе жерінің тарихы ерекше. Ауданда 1 кенттік әкім, 1 кенттік әкімшілік және 5 ауылдық әкімшілік орналасқан. Ауданда халық негізінен мал шаруашылығымен, оның ішінде әсіресе, түйе және қаракөл шаруашылығын дамытумен айналысады. 2006 жылы ет – 4,2 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті – 4,9 мың тонна, жұмыртқа – 1626 мың дана, қой жүні – 933 тонна (тірі салмақта) болды. 2007 жылдың басында мүйізді ірі қара 15,3 мың бас, қой мен ешкі – 53,4 мың бас, жылқы – 3,9 мың бас, түйе – 2,8 мың бас құрады. Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар ауданда «Жылыоймұнайгаз» басқармасы, «Бақай» корпорациясы, «НСС», «Ғимарат», «КОССК», «Ақниет - Ембі» ЖШС-рі, «Жылыойкөлік», «Теңізавтокөлік» мекемелері жұмыс жасайды. 2006 жылы 14679,5 мың тонна мұнай; 4651,7 млн тк.м. – табиғи газ; 1107,7 млн кВт/сағ электр қуаты; 1422,3 мың гКал жылу қуаты шығарылды. Индер ауданы Аудан 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9 мың ш.км. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан халқының саны 30,7 мың адам құрады. Халықтың орналасу тығыздығы орташа есеппен (1 ш.км. жерге) 2,8 адам болды. Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды. Индер ауданын Орал өзені қиып өтеді. Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығындағы тұрғындар саны 11,9 мың адам болды. Индер поселкесінің Атырау қаласынан қашықтығы - 200 км. Ауданда 1 кенттік әкім, 6 ауылдық әкімшілік орналасқан. Негізгі айналысатын шаруашылығы – мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл тұқымдас қой түрін өсіру. 2006 жылы 4,7 мың тонна (тірі салмақта) ет, 6,3 мың тонна сиыр сүті, 300 мың дана жұмыртқа, 150 тонна (тірі салмақта) қой жүні өндірілді. 2007 жылдың басында ауданда 16,1 мың бас ірі қара, 87,3 мың бас қой мен ешкі, 5,6 мың бас жылқы, 2,6 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2006 жылы 1,4 мың тонна картоп, 2,3 мың тонна көкөніс, 1,3 мың тонна бақша дақылдары өсірілді. Индер ауданында «ИСИ - Гипс - Индер», «Индергаз» ЖШС-рі, «Есбол», «Жарсуат» ӨК-рі, «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі бар. Исатай ауданы Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7 мың ш.км. жерді құрайды. Ауданда 2007 жылғы 1 қаңтарда 24,3 мың адам орналасқан. Халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 ш.км-ге) - 1,6 адам құрайды. Аймақ жері – жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы қаланды. Ондағы халық саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 7,4 мың адам құрады. Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 85 км. Ауданда 7 ауылдық әкімшілік орналасқан. Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006 жылы өндірілген ет 4,7 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті – 3,8 мың тонна, жұмыртқа – 150 мың дана, жүн – 79 тонна (тірі салмақта) құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарына аудандағы мүйізді ірі қара саны – 11,6 мың бас, қой мен ешкі – 49,5 мың бас, жылқы – 7,7 мың бас, түйе – 6,4 мың бас болды. Ауданда «Жайықмұнайгаз» басқармасынан басқа «Сазанқұрақ» қазақ американ бірлескен кәсіпорны, «Прикаспиан Петролеум», «Потенциал Ойл», «Жанбай», «Светланойл», «НБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері орналасқан. Сонымен қатар Аққыстау селосында «Әдемі үй» ЖШС-гінің қарамағындағы кірпіш зауыты жұмыс жасайды. 2006 жылы 1165,5 мың тонна мұнай өндірілді. Қызылқоға ауданы Аудан 1944 жылы құрылды. Аудан көлемі 24,9 мың ш.км жерді алады. Халық саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 32,5 мың адам болды. Орташа есеппен халықтың орналасу тығыздығы (1 ш.км-ге) 1,3 адам. Аймақ рельефі – жазық. Аудан орталығы Миялы селосында орналасқан, негізі 1959 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығындағы халық саны 6,2 мың адам болды. Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 300 км. Ауданда 10 ауылдық әкімшілік орналасқан. Қызылқоға ауданын Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді. Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006 жылы 10,4 мың тонна ет (тірі салмақта), сиыр сүті – 10,3 мың тонна, жұмыртқа – 226 мың дана, жүн – 216 тонна (тірі салмақта). 2007 жылдың 1 қаңтарына аудандағы ірі қара саны – 36,6 мың бас, қой мен ешкі – 109,5 мың бас, жылқы – 5,1 мың бас, түйе – 1,8 мың бас болды. 2006 жылы 711,9 мың тонна мұнай өндірілді. Аудан экономикасының басты саласы-ауыл шаруашылығы. Аудандағы барлық шаруашылық құрылымдарындағы мал басы 1 қаңтар 2007 жылғы мәлімет бойынша ірі қара – 36615 бас, қой-ешкі – 109485 бас, жылқы - 5138 бас, түйе – 1845 бас болып, өткен жылдың салыстырмалы мерзімінен ірі қара – 3,3 %‚ қой-ешкі – 11,9 %, жылқы – 0,1 %-ға өссе, түйе -1,7%-ға өсіп отыр. Аудан экономикасына мұнай-газ саласы да елеулі үлес қосып келеді. Аудан өмірінде «Қайнар» мұнай-газ өндіру басқармасы мен «Мәтен» қазақ-түрік біріккен кәсіпорнының алып отырған орны ерекше. Жыл ішінде "Қайнармұнайгаз" басқармасы мен "Мәтен" біріккен кәсіпорыны арқылы 703,4 мың тн мұнай, 18,5 мың тн газ алынып, өткен жылдан мұнай – 6,6 %, ал газ – 8,8 %-ға жоғарылады. Құрманғазы ауданы Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан көлемі – 20,8 мың ш.км. Халық саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 58,8 мың адам болды. Орташа есеппен халықтың орналасу тығыздығы (1 ш.км. жерге) 2,8 адам құрады. Аймақ рельефі жазық тегістік. Аудан орталығы Ганюшкин селосында орналасқан, ол 1793 жылы құрылды. Аудан орталығында 2007 жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны – 13,1 мың адам құрады. Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы 260 км. Ауданда 18 ауылдық әкімшілік орналасқан. Құрманғазы ауданын ірі өзендердің бірі – Қиғаш өзені қиып өтеді. Айналысатын негізгі шаруашылық бағыты – қой шаруашылығы, еділбай қой тұқымын өсіру. Сонымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2006 жылы 2,4 мың тонна картоп, 3,7 мың тонна көкөніс, 1,4 мың тонна бақша дақылдары, 10,8 тонна ет (тірі салмақта), 10,7 тонна сиыр сүті, 172 мың дана жұмыртқа, 276 тонна жүн (тірі салмақта) өнімдері алынды. 2007 жылғы 1 қаңтарға мүйізді ірі қара – 36,5 мың бас, қой мен ешкі – 126,9 мың бас, жылқы – 11,4 мың бас, түйе – 4,5 мың бас болды. Негізгі тамақ өнім түрлерінің ішінде жаңа піскен нан – 526 тонна құрады. Аудан көлемінде жұмыс жасап тұрған ірі кәсіпорындар бар, олар «Мақаш» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Каспий балық» ӨК-і және т.б. «Мақаш» ӨК-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і мал шаруашылығымен, малдарды асылдандандыру жұмысымен айналысады. «Каспий балық» ӨК-і балық аулау және оны өңдеумен айналысады. Мақат ауданы Аудан 1924 жылы құрылды. Оның көлемі 4,9 мың ш.км. жерді қамтиды. 2007 жылғы 1 қаңтардағы ауданда тұратын халық саны 27,9 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 ш.км. жерге) 5,7 адам. Аймақ жері жазық, тегіс. Аудан орталығы Мақат поселкесінде орналасқан, оның негізі 1924 жылы құрылды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығында тұратын халық саны 13,9 мың адам болды. Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы - 130 км. Ауданда 6 кент бар. Мақат ауданын Сағыз өзені қиып өтеді. 2006 жылы ауданда 616,3 тонна мұнай, 44,2 мың гКал жылу қуаты шығарылды. Аудан аумағында «Доссормұнайгаз» басқармасы, «Доссормұнаймаш» ЖШС-гі, «Мақат газ айдау стансасы», «Мақат энерго жөндеу» мекемелері, Мақат локомотив пайдалану депосы, «Мақат сервис - 2004», «Локомотивтік сервис орталығы» ЖШС-гі жұмыс жасайды. Махамбет ауданы Аудан 1938 жылы құрылды. Аудан жері 9,6 мың ш.км. 2007 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының саны 29,6 мың адам болды. Халықтың орналасу тығыздығы орташа есеппен (1 ш.км. жерге) 3,1 адам құрады. Аймақ рельефі – жазық, топырағы ақ таңдақ, құмды. Аудан орталығы Махамбет селосында орналасқан, оның негізі 1928 жылы құрылды. Аудан орталығында 2007 жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны 7,6 мың адам құрады. Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы 67 км. Ауданда 11 ауылдық әкімшілік орналасқан. Махамбет ауданын Орал өзені кесіп өтеді. Ауданның айналысатын негізгі шаруашылығы – көкөніс, сүт өндіру. 2006 жылы 4,6 мың тонна картоп, 8,6 мың тонна көкөніс және 1,9 мың тонна бақша дақылдары жинап алынды. 4,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 7,0 мың тонна сиыр сүті, 170 мың дана жұмыртқа, 34 тонна жүн (тірі салмақта) өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудандағы мүйізді ірі қара – 16,0 мың бас, қой мен ешкі – 48,9 мың бас, жылқы – 3,1 мың бас, түйе – 2,7 мың бас құрады. Ауданда мал және егін шаруашылығымен айналысатын «1 Мамыр» ЖШС-гі, «Райхан», «Раушан», «Қорған» шаруа қожалықтары, «АтырауАгроөнімдері» АҚ-ы, «Мұра», «Дастан» ӨК-рі бар.
2. Негізгі бөлім Атырау облысының өнеркәсібі 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 910,2 млрд.теңгені құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 105 %. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 88,4 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 821,5 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлдi, нақты көлем индексi – 104,7 %. 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 13,1 млн. тонна мұнай өндiрілді, бұл 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,9 %-ды құрады. Сонымен қатар «Теңiзшевройл» ЖШС-гі – 10,2 млн. тонна мұнай өндірді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,1 есеге артық, ілеспе мұнай газы – 5337,9 млн. текше метр (106,5 %). «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында 2078,2 мың тонна мұнай (100,0%), 74,9 млн.текше метр ілеспе мұнай газы (101,5 %) өндірілді. Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 77,8 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2006 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының деңгейінен 6,9 %-ға артық. Өндіріс көлемінің көптеп өсуі балық және балық өнімдерін қайта өңдеуде және косервілеуде (32,5%-ға), кокс, мұнай өнімдерін өндіріуде (8,8%-ға), дайын металл бұйымдарын өндіруде (16,7%-ға) және баспа ісінде (1,4%-ға) болды. Сонымен қатар «АМӨЗ» ЖШС-де 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2691,0 мың тонна көлемінде мұнай өңделді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,5 %-ды құрады. 767,9 мың тонна (67,6%) отындық мазут, 765,5 мың тонна (99,3%) газойл, 348,6 мың тонна (97,3%) автобензин өндірілді. Өндірістің төмендеуі шикізат жеткізушілердің өздеріне тиесілі мұнай өнімдерін алып кетпеуінен резервуарлар паркінде тауарлардың жатып қалуына байланысты. 646,8 мың тонна (113 % ) пропан мен бутан және 3683,9 млн. текше метр (110,5 %) бензиннен ажыратылған газ өндірілді. Құрылыс индустрия кәсіпорындарымен 2007 жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда гипсокартон өндіру 3714,1 мың шаршы метрге (108,1%), цементтен қаптама тақталар, тақталар, кірпіштер дайындау 2,2 мың тоннаға (98,9%), бетоннан құрылыс конструкцияларын құру 51,9 мың тоннаға дейін (112,3%) артты. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Жыл басынан бастап 4 жаңа өндіріс іске қосылып, 343 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Атырау құбыр тораптары зауыты» қуаты жылына 10 мың тонна құбыр тораптарын, жылына - 4 мың тонна құрылымдық металл шығаратын, жылына -72 мың ш.м. құбыр тораптарын сырлайтын цехтар іске қосылды. 320 жаңа жұмыс орны құрылды; «Ғимарат» ЖШС-гі, қуаты тәулігіне 300 кг ғаныш (гипс) шығаратын цех, Құлсары қ. 3 жұмыс орны құрылды; «Атаба» ЖШС-гі, қуаты ауысымда 100 кг шала фабрикаттар шығаратын цех . 15 жаңа жұмыс орны құрылды; «Самал» ЖШС-гі, қуаты ауысымда 80 ш.м. төсемтас және тас блоктар шығаратын цех. 5 жұмыс орны құрылды. 194157 мың Г/кал (97,6 %) жылу энергиясын, 1904,6 млн. кВт.сағ (102,9%) электроэнергиясын өндіру арқылы электр қуатын, газ және суды өндiру мен бөлудің жыл басынан бергі кезеңде нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 7951,8 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi –104,2%. 2007 жылдың 1-ші қазанына IҚМ басы 5,9%-ға, қой мен ешкi 8,3%-ға, түйе 5,0%-ға, жылқы 4,8 %-ға артты. Ет өндiру 28,7 мың тоннаны құрады (103,8%), сүт – 42,4 мың тонна (102,9%), жұмыртқа – 1,378 млн. дана (107,9%). 2007 жылдың 1-ші қазанына тіркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 31565 бiрлiктi құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 14,9 %-ға артты. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар саны 58,5 мың адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9,%-ға артты. Шағын және орта бизнес саласында шығаратын өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 73 588,0 млн. теңгенi құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға өсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдерінің жалпы көлемі 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, 15 363,3 млн. теңгеге жетті. 2007 жылдың басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 354 шағын кәсіпкерлік объектілері құрылды, соның ішінде, өндірістік мақсаттағы 27 объекті, 189 дүкен, 80 кафе, мейрамхана және асхана (қоғамдық тамақтандыру объектілері), 5 қонақ үй, 20 шаштараз, 5 монша, сауналар, 5 ТҚКС (техникалық қызмет көрсету станциясы), 18 тағы да басқа объектілер. Бұларда 1320 жаңа жұмыс орындары құрылды. 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялар көлемi 525,9 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 %-ға төмен. 840,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 2,7 есеге артық. Республикалық бюджеттің несие қаражаты есебінен жалпы сомасы 970,0 млн.теңгеге алты 16 қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. 9 ай ішінде 831,0 млн.теңге жоспарланып, аударылды, ауданы 14,6 мың м2 болатын немесе 144 пәтерлі бір 16 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Махамбет ауданында несиелік-қайтарым негізінде 80 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, оған 620,0 млн.теңге бөлінді. Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттер есебінен 364,5 млн.теңге сомасына ауданы 6,45 мың м2 болатын 160 пәтерге Атырау қаласының СМП-163 ауданында төмен отбасыларға коммуналдық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, 1 қазанға 184,5 млн.теңгесі игерілді. Тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер үшін инженерлік-коммуникация құрылысына республикалық бюджеттен 2162,0 млн.теңге бөлініп, 9 айда 1892,8 млн. теңгесі аударылды, соның ішінде: Атырау облысындағы және Атырау қаласындағы шағын аудандарын сумен қамтамасыз етуге 716,0 млн.теңге бөлініп, 640,6 млн.теңгесі игерілді; Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданын көркейтуге 91,2 млн.теңге бөлініп, 78,8 млн.теңгесі игерілді; Атырау облысының және Атырау қаласының шағын аудандарын электрмен қамтамасыз етуге 1354,8 млн.теңге бөлініп, 1173,4 млн.теңгесі игерілді. Облыс аудандарында инженерлік инфрақұрылымдар құрылысын салуға облыстық бюджеттен 614,7 млн.теңге бөлінді. «Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін су тазарту имараты мен кент ішілік жүйесінің құрылысына және қайта қайта құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен ағымдағы жылға 720,4 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айында 553,7 млн.теңгесі игерілді. Осы жұмыстар облыстың 14 елді мекендерінде жүргізілуде, соның ішінде: Құрманғазы ауданының 7 елді мекендерде 349,7 млн.теңге сомасына кент ішілік су құбыр жүйесімен су тазарту имараты құрылысы жүргізілуде, оның 256,8 млн.теңгесі игерілді; Индер ауданының Индербор кентінде кент ішілік су құбыр жүйесімен блоктық су тазарту имаратының құрылысы жүргізілуде, оған 100,0 млн.теңге бөлініп, 65,0 млн. теңгесі игерілді.; Махамбет ауданының Береке және Махамбет селоларында 29,9 млн.теңге сомасына су тазарту имараты мен кент ішілік жүйесінің құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, оның69,8 млн.теңгесі аударылды; Атырау қаласында Талғайран-Бесікті магистралдық су құбыр құрылысын және Бесікті кентінде кент ішілік су құбыр құрылысын салуға 100,0 млн.теңге бөлініп, 72,0 млн.теңгесі аударылды; Қызылқоға ауданында 8,0 млн.теңге сомасына әлеуметтік объектілерді сумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 7,2 млн.теңгесі аударылды; Жылыой ауданында Кұлсары-Тұрғызба-Шоқпартоғай-Аққызтоғай топтық су құбырын қайта жаңарту жұмыстарына 12,9 млн.теңге бөлініп, игерілді. Мақат ауданының Жаңа Мақат селосында магистралдық желісіне жаңа кент ішілік сумен жабдықтау жүйесін салуға 70,0 млн.теңге бөлініп, 69,7 млн. теңгесі аударылды. Облыстық бюджет есебінен Атырау облысы Ішкі істер департаментінің кинологтық қызметі үшін Атырау қаласында питомник құрылысын салуға 40,0 млн. теңге бөлініп, 23,0 млн.теңгесі игерілді. 2007 жылы қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауда айналымы 8498,2 млн. АҚШ долларын құрады және 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға артты, соның iшiнде: облыстың кәсіпорындарымен 7538,0 млн. АҚШ долларына өнім экспортталды, 9,3%-ға артты, 960,2 млн. АҚШ долларына импортталды, (2006 жылдың сәйкес кезеңінен 99,9%). Салықтар және бюджет 2007 жылдың 1 қазанына Атырау облысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсiмдерi болжамдалған 97,6 млрд. теңгенiң орнына 111,7 млрд.теңгенi құрады, орындалуы – 114,4%. Ұлттық қорға аударымдар 205,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,8 млрд.теңгеге артты. Жергiлiктi бюджетке болжамдалған 46,6 млрд. теңгенiң орнына 53,4 млрд. теңге түстi, орындалуы 114,5 %-ды құрады. 2007 жылдың 1 қазанына бюджетке мезгiлiнде төленбеген салық түрлерi 951,1 млн теңгенi құрады, бұл 2006 жылдың 1 қазанына қарағанда 168,1 млн теңгеге төмен. Инфляция 2007 жылдың қыркүйек айында облыс бойынша инфляция 106,6%-ды құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 2.0 тармаққа төмен (108,6%). Азық-түлік тауарларына тұтыну бағасының индексі 108,8%-ды құрады (республика бойынша – 111,4 %), азық-түлік емес тауарларына – 106,5% (республика бойынша – 105,7 %), ақылы қызмет көрсетуге – 103,1% (республика бойынша – 107,3%). 2007 жылдың тамыз айымен салыстырғанда бірінші сұрыпты астықтың бағасы 3,3%-ға, жоғары сұрыпты астық бағасы 10,6%-ға, бұтарланған тауық еті – 2,8%-ға, сүт тағамдары – 6,2%-ға, жұмыртқа – 7,7%-ға, күнбағыс майы – 6,5%-ға, сәбіз – 6,2%-ға, қияр 7,5%-ға, алма – 8,1%-ға жоғарылады. Азық түлік емес тауарлар тобының бағасы дизелдік отынға – 1,3%-ға, соған қоса цемент бағасы жеткізіп берушілер есебінен 5,2%-ға қымбаттады. Тұрмыстық техникаларды жөндеу қызметі 8,6%-ға, үйді жалға алу 5,6%-ға қымбаттады. Теміржолдың жол ақысы 3,2 %-ға жоғарылады.
Кәсiпкерлiк 2007 жылдың 1-ші сәуіріне тіркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 29060 бiрлiктi құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 18,9%-ға артты. Олар шығаратын өнiм көлемi 18009 млн.теңгенi құрады. Оларда жұмыс жасайтындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға көбейiп, 54,1 мың адамды құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерден түскен салық көлемі болжам бойынша 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,7 %-ға артып, 5652,6 млн.теңгеге жетті. 2007 жылдың басынан бері 150 шағын кәсіпкерлік объектілері құрылды, олардың ішінде 11 объекті өндірістік мақсатта, 75 дүкендер, 30 кафе, ресторан, асханалар (көпшілік тамақтану объектілері), қызмет көрсету саласында 14, 3 қонақ үй кешені, 3 шаштараз, 3 монша, 6 әсемдік салоны, 5 қалған қызмет түрлері. Оларда 541 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2007 жылғы 1-ші тоқсанда екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген несиелер көлемі болжам бойынша 10,1 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 1972,9 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi –105,3 %. 2007 жылдың 1-ші сәуіріне IҚМ басы 4,2 %-ға, қой мен ешкi 6,3%-ға, түйе 2,7%-ға, жылқы 6,4%-ға артты. Ет өндiру 9,2 мың тоннаны құрады (105,5%), сүт – 7,1 мың тонна (104,1%), жұмыртқа – 0,345 млн. дана (102,4%).
Сыртқы сауда айналымы 2007 жылы қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы 1944,9 млн. АҚШ долларын құрады және 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға артты, соның iшiнде: облыстың кәсіпорындарымен 1680,2 млн. АҚШ долларына өнім экспортталды, 17,5%-ға артты, 264,7 млн. АҚШ долларына импортталды, (2006 жылдың сәйкес кезеңімен 150,1%).
Инвестиция 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялар көлемi 141,8 млрд. теңгенi құрады. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялар көлемi 141,8 млрд. теңгенi құрады. 304,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 3 есеге артық. Атырау қаласының Аманшина көшесі мен Алмагүл шағын ауданында инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылымын салуға облыстық бюджеттен 71,8 млн.теңге бөлініп, 26,3 млн.теңгесі игерілді. Облыстық бюджет есебінен Атырау қаласын, Индер мен Құрманғазы аудандарын сумен жабдықтау жүйесінің қызмет етуіне 32,04 млн.теңге бөлініп, 9,03 млн.теңгесі аударылды. Атырау қаласындағы Жұмыскер-2 кентін газдандыру жұмыстарына 21,7 млн. теңге бөлініп, 15,5 млн.теңгесі игерілді. 2007 жылы қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы 1944,9 млн. АҚШ долларын құрады және 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға артты, соның iшiнде: облыстың кәсіпорындарымен 1680,2 млн. АҚШ долларына өнім экспортталды, 17,5%-ға артты, 264,7 млн. АҚШ долларына импортталды, (2006 жылдың сәйкес кезеңімен 150,1%).
Әлеуметтік саясат Өткен кезеңде 4251 адамнан тұратын 940 отбасына жергілікті бюджеттен 95,8 млн.теңге сомасына атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға 12522 жұмыссыз азамат хабарласты, 11184 адам жұмысқа орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 7477 жұмыссыз жіберілді, оқуға –3136 адам. 2007 жылдың 1 қазанына 2777 жұмыссыз тіркелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 489 адамға аз. 2007 жылдың III тоқсанына халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 7,2%-ды құрады. 2007 жылдың 1 қыркүйегіне орташа айлық еңбек ақы 91332 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 29,7 %-ға артық. 3. Қорытынды бөлім Атырау облысының экономикалық маңызы. Облыс жоғарғы қарқынмен даму үстіндегі өңір болып табылатыны белгілі. Оның экономикасы егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды. 2005 жылдың қорытындысы бойынша облыс алғашқы рет 1 триллион теңгеден аса өнеркәсіп өндірісі өнімін өндіру деңгейіне жетті, өңір экономикасына салынатын инвестициялар көлемі жылдан жылға өсуде. Бұл өңір нвестициялық капитал жоспарында барынша тартымды болып табылатыны баршаға мәлім, құрылыс жұмыстары белсеңді қарқынмен дамуда, оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Сіз Атырау облысының сайтынан негізгі өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру туралы ақпарат және өңірдің мемлекеттік органдар қызметіндегі басқа да көптеген мәліметтерді ала аласыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Атырау облысының ресми сайты. 2. «Егемен Қазақстан»газетінің 2007 жыл 5 шілде шығарылымы 3. Саясат журналының №5 шығарылымы 4. Қазақстан энциклопедиясы 1 том