Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Beeline Қазақстан компаниясы өзінің алғашқы брендтелген смартфонын таныстырды

Beeline Қазақстан компаниясы өзінің алғашқы брендтелген смартфонын таныстырды

Beeline Қазақстан компаниясы ҚР ұялы операторларының арасында алғашқы болып өзінің Beeline Smart брендтелген смартфонын шығарды.

Стильді девайс Android 4.4 ОЖ негізінде жұмыс істейді, 1,3 ГГц екі ядролы процессорға және диагоналі 4 дюйм сенсорлық экранға ие. 4 Гб кіріктірме жады 512 Мб оперативті жады бар. Бұған қоса Beeline Smsrt 3,2 және 0,3 мегапиксельді негізгі және фронтальді камераларға ие.

"Нарықты зерттей келе біз клиенттерге қол жетімді әрі функционалды смартфондар қажет деген қорытындыға келдік. Beeline Smart - сондай смартфон, параметрлері бойынша ол өз сегементінде үздіктердің бірі. Ол батырмалары бар телефондар үшін жақсы балама және ол арқылы ұялы интернеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға болады", - деп түсінік берді Beeline Қазақстанның бас коммерциялық директоры Александр Комаров.

Похожие материалы