Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — Bek Air әуе компаниясының қолданыстағы пайдаланушы сертификатын мұқият тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Әуекомпания 10 күн ішінде "Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне" оларды жою жоспарын ұсынуы тиіс. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Атап айтқанда, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Бек Эйр" әуе компаниясын тексеру барысында әуекомпанияның ұшу жарамдылығына қатысты екі негізгі мәселені анықтады. Әуе компаниясын тексеру әлі де жалғасып жатыр.
"Біріншіден, әуе компанияның толық және тиісті есеп жүргізу арқылы әуе флотының ұшу жарамдылығын қолдауды бақылай алмағаны мәлім болды. Техникалық журналдардың жазбалары құрамдас бөліктерді бір ұшақтан екінші ұшаққа ауыстыру процесінің елеулі мәліметтерімен сәйкес келмейді. "Бек Эйр" бір ұшақтың құрамдас бөліктерін басқа ұшаққа орнату процесін үнемі қолданатындығын көрсетеді.Бұл әрекеттер компоненттердің пысықталуын есепке алу және пайдалану сағаттарын тіркеу туралы мәселелерді тудырады. Сондай-ақ, бұл "Бек Эйр" АҚ-ның қаржыландырудың жеткіліксіздігінен немесе ескі ұшақтар үшін қосалқы бөлшектерді алудың күрделілігінен қосалқы бөлшектерді алуға қабілетсіздігін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, авиациялық қозғалтқыштардан сағаттар мен циклдарды бақылау үшін қолданатын сериялық нөмірлер туралы ақпаратты көрсететін белгілер алынып тасталған. Бұл өрескел бұзушылыққа жатады.
"Осыған байланысты қозғалтқыштарды сәйкестігін тексеру, сондай-ақ олардың шын мәнінде жұмыс істеген сағаттары мен циклдерін растау мүмкін емес", - деді ведомствода.
Ақпаратқа сәйсек, жоғарыда көрсетілген мәселесі бар бірнеше қозғалтқыштар анықталды.
Сонымен қатар, Fokker-100 авиациялық қозғалтқыштарды өндіруші Rolls Royce компаниясы осы ұшақтар Қазақстанға пайдалануға түскеннен бастап, оларға аталған қозғалтқыштарды күрделі жөндеу туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі"АҚ «Бек Эйр» компаниясы компоненттердің барлық ауыстыруларын көрсететін ұшақтарда сақталатын жазбаларды дұрыс сәйкестендіру мәселесіне баса назар аударатын болады деп күтеді. Қозғалтқышты сәйкестендіру ісі авиакомпания қандай қозғалтқыштар екенін және сериялық нөмірлері бар барлық жазбалардың дұрыс екенін дәлелдей алатындай етіп жүргізілуі тиіс.
"Ұшу жарамдылығының екінші негізгі проблемасы бір ұшақтан екіншісіне агрегаттардың ауысуының елеулі саны, сондай-ақ оларды басқару үшін қажетті бақылаудың жоқтығы болып отыр. Бұл процесс тиісті түрде бақыланбайды, сондықтан авиакомпанияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі мәселелер одан әрі зерттеуді талап етеді", - деді Азаматтық авиация комитетінде.
Сондай-ақ, ELT мәртебесі (авариялық радиомаяк), барлық ұшақтарға қолданылатын жүк бөліктеріндегі өртке қарсы қорғанысының, құтқару кеудешелерінің жетіспеушілігі және т.б. сияқты көптеген басқа да бұзушылықтар бар.
Жалпы алғанда, ұшақтардың жасын, ұшу жарамдылығын қолдау бойынша процедураның жай-күйін ескере отырып, әуе флотының жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
Бұл бұзушылықтардың кең тізбесі жойылғанға дейін және әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы қолайлы деңгейге жетпегенше ұшу жарамдылығы сертификаттары қалпына келтірілмейді.
Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады. Бұл әрекеттер аяқталғанша, сертификаттардың әрекеті белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды.
Айта кету керек, әуе компанияның әуе кемесін ұшуда пайдалануға қатысты анықталған бұзушылықтар тізбесі де әсерлі.
"Бек Эйр" АҚ кадрларын даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені құжаттаманы тексеру барысы қауіпсіздік бойынша оқыту және оларды компаниядағы есепке алу мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алған. Жазбалар толық емес немесе олардың шынайылығына күмән келтіретін елеулі ауытқулар бар. Бұл ретте барлық экипаждар ұшақты дұрыс пайдалануды тиісті түрде үйренуі үшін кадрларды даярлау процесін жақсарту үшін шаралар қабылдау қажет.
Алматы әуежайындағы видеожазбаныны зерделеу кезінде "Бек Эйр" АҚ экипаждары өз ұшақтарын ұшуға дайындау барысында, ұшақты толық қарамайтындығы немесе әуе кемесін пайдалану жөніндегі нұсқауларға сәйкес ұшақтың қанатын тексеруді жүргізбейтіндігі анықталды.
Fokker 28-100 ұшағын пайдалану жөніндегі нұсқауда ұшақтың қанаты әрбір ұшудың алдында тексерілуі тиіс, сонымен қатар осы үлгідегі ұшақтар үшін нұсқаулықта бұл тексерудің қалай орындалуы тиіс екендігі көрсетіледі.
Бұл рәсім 1993 жылы Македониядағы Скопье қаласындағы апаттан кейін ұшу жарамдылығы бойынша директива ретінде енгізілді. Қанатты жоғарғы бетіндегі, төменгі бетіндегі және қанаттың алдыңғы бөлігіндегі жиектің бойымен үш нүктеде қолмен тексеру қажет. Нұсқауда егер мұз болса, қанат одан тазартылуы керек деп көрсетілген. "Бек Эйр" АҚ ұшақтарын дайындаудың барысын көрсететін бейнежазбалардан бұл тексеру жүргізілмегені көрініп тұр.
Оқу-жаттығу туралы есептерде әуе кемелерін қысқы пайдалануға дайындық жүргізілгеніне дәлел жоқ, сондай-ақ осы үлгідегі ұшақтардың экипаждары мұздану қаупінен сақтануға көрсететін дайындық бағдарламасы көрсетілмеген. Қазақстанда қысқы кезеңде әуе кемелерін пайдалану сипатын ескере отырып, бұл қауіпсіздікті сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады. Бұл авиакомпания қызметінің тәуекелдерін бағалауды қамтитын ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесімен байланысты. Пайдалану қауіпсіздігін басқару жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің белсенді құралы болып табылады және дұрыс пайдалану кезінде жұмысты айтарлықтай жақсарта алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024