Алматы. 26 қараша. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бензинге арналған акциздерді ұлғайту жөніндегі жоспарларды растады.
«Сіз бензинге арналған акциздер бағасының өсуі туралы айттыңыз. Қазір 10 теңгеге қымбаттап жатыр дейді және тиісті құжаттар дайындалуда. Бұл бағаның өсуіне әкелмей ме? Шағын және орта бизнестің қызметіне теріс әсер етпейі ме?", - деп сұрады сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Ұлттық экономика министрлігінің басшысынан.
Жауабында Руслан Дәленов қаулы жобасы әзірленіп жатқанын және акцизді литріне 10 теңгеге көтеру жоспарланғанын айтты.
«Біздің ойымызша, бұл бағаның шамалы өсуі. Есептеулер көрсеткендей, бұл өндіріс шығындары мен инфляцияға үлкен әсер етпейді. Акциздердің ішіндегі ең үлкен үлес - өңдеуші және іске асырушы компаниялардың шығындары мен пайдасы", – деп сендірді ҚР ҰЭМ басшысы.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 17 қазанында Руслан Дәленов Қазақстанда бензин акцизі 1 желтоқсаннан бастап өсуі мүмкін деп мәлімдеді. Ұлттық экономика министрі қолданыстағы мөлшерлемелер өте төмен деп санайды.
"Бензиннің әрбір литріне акциз тек 8 теңгені құрайды. Акциз салығының литріне тағы 10 теңгеге көтерілу мәселесі талқыланып жатыр … Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литр үшін 149-152 теңге тұрады. Акциз ставкасы тек 8 теңге ғана, алыс шетел туралы айтпағанда, көрші елдерге қарайтын болсақ, бұл өте аз. Әдетте өзге елдерде бензин құнының жартысына жуығы акциз, бізде тек 8 теңге ғана. Бірақ барлығы талқыланып жатыр », - деді министр.
Сондай-ақ, сенат отырысында Руслан Дәленов 2020 жылы ЖІӨ нақты өсімі 4,1% деңгейінде болжанып отырғанын еске салды. 2024 жылы ол 4,7%-ға жетеді. Соңғы 5 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4,4%-ды құрады. Номиналды ЖІӨ 2020 жылы 75 трлн теңгені, ал 2024 жылы - 106 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) болжам бойынша 2020 жылы 8,1 трлн теңгені, 2021 жылы 8,7 трлн теңгені, 2022 жылы 9,5 трлн теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы 2020 жылы ЖІӨ-ге 2,1% деңгейінде жоспарланып, кейіннен 2021 жылы ЖІӨ-ге 1,5%-ға дейін және 2022 жылы ЖІӨ-ге 1,0%-ға дейін төмендетіледі. Көрсетілген параметрлерді ескере отырып, республикалық бюджет шығыстары 2020 жылы 12,9 трлн теңге, 2021 жылы – 13,2 трлн теңге, 2022 жылы – 13,7 трлн теңге көлемінде айқындалған.