Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Береке-бірлігімізге сызат түсірмеуіміз керек» – жазушы

«Береке-бірлігімізге сызат түсірмеуіміз керек» – жазушы

Белгілі қазақстандық жазушы Әлібек Асқаров кезектен тыс президент сайлауын ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазір бүкіл әлем толқып тұр. Геосаяси жағдай шиеленісіп, халықаралық ахуал күннен күнге қиындап жатыр. Осындай сәтте ең әуелі мемлекеттілікті сақтау, елдікті нығайту керегін түсіне түскендейміз. Сол себепті осы жайтқа назар аудара отырып, тұрақты өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Сондықтан мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауын бәріміз бір адамдай қатысып, әрбір азамат өз таңдауын жасауы тиіс. Жаңа үлгі бойынша, Президентті екінші мерзімге қайта сайлау құқығынсыз, 7 жылдық бір мерзімге сайланады. Бұл биліктің жаңа және әділ тепе-теңдігін орнатады деген үміт бар», – деді жазушы.

Оның айтуынша, осы  саяси өзгерістер  халықты тыңдататын, өзі де тыңдай білетін жаңа буынның келуіне мүмкіндік береді.

«Президентіміз айтқандай, бірлік – бейбітшілік пен тыныштықтың кепілі. Сондықтан әр істе парасаттылық пен сабырлық таныту еліміздің амандығы мен жеріміздің бүтіндігі береке-бірлігімізге сызат түсірмеуіміз керек. Бұл – жұрт болып жұмылатын міндет. Қазір мемлекеттің тұтастығын сақтау жолында ұлт болып ұйысатын кезең. Бұл сынақтан да абыроймен өтіп, алдымызда тұрған барлық мақсатты сәтті жүзеге асырамыз деп сенеміз», – деді Әлібек Асқаров.

Похожие материалы