Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билік қолма-қол ақшалай есеп айырысуға тыйым салмақ

Билік қолма-қол ақшалай есеп айырысуға тыйым салмақ

Республикамызда жылжымайтын мүлiкті және көлiк құралдарын сатып алу кезінде қолма-қол ақшалай есеп айырысуға тыйым салынбақ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Ұлттық банкi төрағасы Қайрат Келiмбетов мәлiмдедi.

«Ірi сатып алулар, яғни жылжымайтын мүлiк пен көлiк құралдарын сатып алу кезінде қолма-қол есеп айырысудан бас тартуға тиіспіз. Яғни, қаржы белгiлі бiр шоттар арқылы өтуi тиiс. Осылайша бiз салық органдарымен бiрлесе отырып барлық төлемдердi бақылап отыра аламыз. Бiз қысқа мерзiм iшiнде аталған мәселе бойынша тәртiп орнатамыз», - деді Қ.Келiмбетов. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл ұсыныс көлеңкелi бизнесті азайту жолында қолға алынған шаралардың бiрi. Деректерге сүйене отырып, ол Қазақстанда төлемдердiң 93%-ы қолма-қол ақшамен жүргiзiлетiндігін атап өтті. «Бұл кез келген экономика үшiн тиімсіз. Себебi, төлемдердiң барлығына бiрдей салық салынбайды, әрi олар көлеңкелi айналымда болады. Олар көбiнесе доллармен есеп айырысып жатады», - деп толықтыды сөзін Ұлттық банк төрағасы. Ақпарат көзі: Bnews.kz  

Похожие материалы