Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім беруге салынатын инвестиция азайып кетті

Білім беруге салынатын инвестиция азайып кетті

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда білім беруге салынған инвестиция көлемі 23,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,1 трлн теңгеге жетті, ол 11,1%-ға артты. Білім беруге салынған инвестициялардың үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3%-дан 1,1%-ға дейін қысқарды.

Қаңтар-наурыз айларында білім беру саласы негізінен бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылды — 14,5 млрд теңге, үлесі 62,6% құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 8,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді.

Бизнестің меншікті қаражаты есебінен 8,7 млрд теңге инвестиция салынды, немесе жалпы білім беруге салынған инвестициялардың 37,3%-ы.

Қарыз қаражаты 22,9 млн теңгені, бір жыл бұрын — 917,9 млн теңгені құрады.

Білім беруге салынған инвестициялардың басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі: 5,7 млрд теңге, үлесі — 24,6%. Үшінші орында - Нұр-Сұлтан (3,3 млрд теңге) және Алматы облысы (3 млрд теңге). Осы үш аймаққа республика бойынша жалпы соманың 51,6% инвестициясы тиесілі. Бестікті Алматы (1,8 млрд теңге) мен Шымкент (1,8 млрд теңге) қалалары түйіндейді.

Похожие материалы