Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Басқа жарлықпен Күләш Шәмшидинова Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.
Аймағамбетов Асхат Қанатұлы 1982 жылы 14 маусымда туған. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді «Тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы - Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін, «саяси ғылымдар» бағыты бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары «Медиа СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.
2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы.
2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024